Басты бет » Табыс сыры » Кәсіптен нәсіп тапқан отбасы

Кәсіптен нәсіп тапқан отбасы

        Ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы – еңбекке тек ерінбеген жан жететіні әлімсақтан аян.  Елбасымыз әмәнда кәсіп қыл, еңбек ет, кәсіптің көзін аш деп халыққа үнемі үндеу тастап келді. Мінекей, осыны ұққан батысқазақстандық жастар бірігіп кәсіптерін бастап та кетті. Хош, сонымен, олар кәсіпті қалай бастады?

077de683-24ad-4f03-a907-c971307db554

     «Табиғи сүт» деп аталатын отбасылық кәсіпті – Бейбіт Нуфтуллин, Әйгерім Құлжанова, Гүлдана Сатқалиевалар «Су бермегенге сүт бер» деген ұранмен ашты. Бұлар ең алдымен жастарған арналған «Zhas Project» жобасына жүгінді. Айта кетейік, 2017-2020 жылдарға арналған  жастар корпусын дамыту жобасы – дүниежүзілік банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы Жастарды қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту – ең негізгі мақсат. Бұл жобаның тиімділігі – идеясы мол жастарға қаржылай демеушілік жасап,  жеңімпаздарға 1 000 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді. БҚО-ның аймақтық үйлестірушісі Оралбек Жандауовтың берген мәліметіне сүйенсек, өңірден тапсырған 771 жобаның 221-і үш кезеңдік байқаудан өтіп грантты ұтып алған. Жоба жеңімпаздарының тінін тарқтатсақ, Орал қаласынан – 53. Ал аудандардан, айталық Ақжайық – 30, Бөрлі – 3, Жаңақала – 20, Жәнібек – 10, Қазталов – 17, Сырым – 9, Тасқала – 2, Теректі – 15, Бөкейорда – 28, Шыңғырлау – 6, Қаратөбе – 18, Бәйтерек – 10.

бх

     – Өңірімізде жүзеге асатын «Zhas Project» жобасы аясында 1000000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілетінін естіп, біз де қатысып көруді құп көрдік. Сайып келгенде, атаулы жобаның жеңімпазы атандық. Берері мол жоба екен! Қазіргі таңда екі бас малымыз бар. Сүт және оның өнімдерін аз қамтылған, көп балалы отбасыға  тегін таратамыз. Қызметімізді ақысыз көрсетудеміз. Нәтижесі жаман емес. Тұтынушыларымыздан да жағымды пікір естіп жатырмыз. Алдағы уақытта осы кәсібімізді одан әрі дөңгелету жоспарда бар, – дейді отбасылық кәсіптің иелері.

Самал ЖАМЕТ,

Орал қаласы

 

Пікір жазу