Басты бет » Жаңалықтар » Театр өнеріне арналған көркем кітап

Театр өнеріне арналған көркем кітап

   вар 2

Жақында театр әлемі мен әртістер өнерін қалың көпшілікке насихаттауда ерекше орын алар кітап жарыққа шықты. Ол – «Театр. Тарих. Тағылым» атты кітап. Авторы – бүгінде театр әлеміне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, актерлікпен қатар, режиссер ретінде де драмалық қойылымдарды шебер сахналап жүрген Х. Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актері әрі бас режиссері Самал Қадерұлы Әбуов.

3

Бұл – батыс өңірінен шыққан өнер майталмандарының, сондай-ақ қазіргі таңда Х. Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында еңбек етіп жүрген аға буын әртістер мен жарқырап өсіп келе жатырған жастардың еңбегін бір арнаға тоғыстырған кітап. Аталған кітаптың алғысөзінде автор:

– Бұл жинақты шығаруыма бір емес бірнеше себеп болды. Біріншіден, театр тұлғалары мен тарихына қатысты жазған-сызғаным біраз дүние болып қалғанын өзім де байқап жүрдім. Күнделікті қарбалас «осы жазғандарымды бір жинақ қылатын уақыт болды-ау» деген ішкі үнді үнемі кейінге ысыра бергені болмаса, ойға алған бұл істен бас тартқан кезім болған емес. Сөйтіп жүргенде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шықты. Бұл бағдарламаның «Рухани қазына»/«Өнегелі құндылықтар» бағыттарында өңірге еңбегі сіңген тұлғалар туралы шығармалар жазу туралы айтылған екен. Ойға алған ісім мемлекет басшысының бағдарламасымен үндес шығуы, оның үстіне төл театрымыздың құрылғанына ширек ғасыр толуы – батысқазақстандық театрымыздың бастауында тұрған, аймақтағы театр ісінің дамуына үлес қосқан адамдар туралы кітап шығаруыма тың серпін берді. Бұл жинағым  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау көрсету, сондай-ақ осы бағдарламаның «Рухани қазына»/«Өнегелі құндылықтар» бағыттарының жүзеге асуына үлес қосу мақсатында құрастырылған, – деп жазады.

1C3A0102

Алғашқы бөлімде өңірдегі театр өнеріне еңбегі сіңген тұлғалар жайлы естелік, мақалалар енгізілсе, келесі бөлімдерде театрдың бүгінгі саңлақтары туралы жазылған. Сонымен қатар, автордың жеке өміріне, еңбек жолы мен отбасы шығармашылығына арналған бөлім қызықты сұхбаттар мен естеліктерге толы. Театр әлеміне тек бір адамның ғана көзімен үңілмес үшін бұл жинаққа актерлер мен қойылымдар жайлы өзге авторлардың (негізінен журналистердің) да мақалалары да енгізілген. Кітап авторының жан жары, театр өнерінде әртістік шеберлігімен көрермендерінің үлкен қошеметіне бөленіп жүрген белгілі актриса Эльмира Мақашева драмалық шығармаларды аудару барысында да жетістіктерімен танылған аудармашы.  Эльмира Жұмажанқызы аударған драмалық шығармалар Х. Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының сахнасында табысты сахналанып жүр. Кітаптың соңғы бөліміне аудармашының «Келісімшарт бойынша қалыңдық» комедиясы (авторы Асахмат Айларов) мен «Толғақ» ( авторы Жеңишгүл Өзүбекова) драмалары берілген.

9

1C3A8667

– Төл театрымыздың тарландары жайлы бұл кітап – белгілі бір дәрежеде театр тарихының жылнамасы, театр өнері үшін қызығушылық танытқан жас талапкерлер үшін үлгі-өнеге бола отырып, театр тарихы туралы хабары һәм қызығушылығы артуы себебінен көрермендер санының артуына да өзіндік үлесін қоса алады, – дейді автор.

Астана қаласында «Жастар жанары» орталығының баспасында дайындалып шыққан аталған еңбек өнерсүйер қауымның алғысын алып, өз оқырмандарын тауып  үлгерді.

Венера МҰРАТҚЫЗЫ,

Астана қаласы

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*