Басты бет » Тіршілік ырғағы » Ақынмен өткен әсерлі кездесу

Ақынмен өткен әсерлі кездесу

16 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде айтыскер ақын, манасшы, сатирик, драматург Баянғали Әлімжановпен кездесу кеші өтті.

IMG-20180517-WA0047

 

Кеш Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлының құттықтау сөзімен басталды. Еркін форматта өткен кездесуді айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы жүргізді. Кеште Баянғали Әлімжановты көрермен әр қырынан тани алды. Ақынның шешендігі, ақындығы, жыршылығы тамсандырмай қоймады. Манас жырын алғаш естіген студенттердің әсерленгені жанарынан, ұйып тыңдағанын-ақ байқалды. Кеш барысында төл өнеріміз айтыстың тағдыры, елдегі саясат, кино саласы, әдебиет әлемі талқыланды. Ақынның тұшымды әңгімесінен көрерменнің алған әсері ерекше болды. Оған дәлел, үш сағаттың қалай өткенін сезбей қалған қауымның  ағамыздың қолтаңбасын алуы, естелік суретке түсіп, ақынды орталарынан ұзақ жібермей қойғаны. Дүйім жұрт әсерлі, әдемі әңгімесі, ұрпаққа айтары бар тұлғамен дидарласса,  тыңдауға барын көрсеткен керемет көрініс болды. Үлкенге де, кішіге де үлгі Алаштың Алатаудай азаматтары аман болсын!

IMG-20180517-WA0052

Пікір жазу