Алматыда Олимпиада жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған Memorial challenge 2026 халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирі өтті.
Қазақстанның Ұлттық конькишілер федерациясы мен Денис Тен қоры ұйымдастырған жарыс биыл сегізінші рет ұйымдастырылды. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, жарысқа әлемнің 25 елінен шамамен 150 спортшы қатысты. Олар ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанау, жұптық сын және мұздағы би бағдарламалары бойынша бақ сынады.
Биылғы турнирге әлемдік деңгейдегі спортшылармен қатар, танымал бапкерлер де келді. Олардың қатарында Алексей Мишин, Елена Водорезова және Этери Тутберидзе бар. Ал Қазақстан атынан Диас Жиренбаев, Софья Самоделкина өнер көрсетті. Мамандардың сөзінше, мұндай халықаралық жарыстар елдің спорттық имиджі үшін аса маңызды және жас спортшыларға зор мүмкіндік береді.
Манас Бекташов, мәнерлеп сырғанау жаттықтырушысы:
– Менің осында Денис Теннің жарысына қатысып жатқан бір спортшым бар. Ол 14 спортшының арасынан төртінші орын иеленді. Енді алдағы уақытта біраз жұмыс жасайтын боламыз. Барлық спортшылар көрініп тұр үлкен дайындықпен келген.
Жарыс қорытындысында ересектер арасында (ISU Challenger Series):
- Ерлер арасындағы жекелей сырғанау:
- Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау:
- Мұздағы би (Ice Dance):
Жасөспірімдер арасы (Junior)
- Жасөспірімдер арасындағы мұздағы би:
- Алтын: Мария Фефелова / Артем Валов (Бейтарап спортшы / AIN) — 164,56 ұпай
- Күміс: Дарья Дрожжина / Иван Тельнов (Бейтарап спортшы / AIN) — 153,87 ұпай
- Қола: Софья Безносикова / Мак Лелю (Әзірбайжан) — 146,34 ұпай
Турнирдің жабылу салтанатында көрерменге гала-шоу ұсынылып, француздық мәнерлеп сырғанаушы әрі акробат Мари Пьер Лере мен Еуропа чемпионы Дмитрий Алиев өнер көрсетті.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы