Басты бет » Жаңалықтар » Aibyn футбол академиясы шәкірттері «Барселона» клубының болашақ ойыншысы Кәрім Мендікановпен кездесті (видео)

Aibyn футбол академиясы шәкірттері «Барселона» клубының болашақ ойыншысы Кәрім Мендікановпен кездесті (видео)

«Барселона» клубының болашақ ойыншысы Кәрім Мендіканов Испанияда астаналық Aibyn футбол академиясының жас шәкірттерімен кездесті.

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіканов испаниялық «Барселона» клубының академиясымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық атанды.

Орал қаласының тумасы 2022 жылдан бері Испанияда шеберлігін шыңдап, «Леванте», «Эспаньол» және «Серданьола» клубтарында ойнаған. Ол келесі маусымнан бастап «Барселона» сапында өнер көрсетеді.
AIBYN футбол мектебінің тәрбиеленушілері Кәріммен MICFootball турнирі барысында кездесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей жауап алды. Кәрім өз жолымен, тәжірибесімен және үлкен футболда өсу үшін маңызды кеңестермен ашық бөлісті.

– Арманыңа сену керек. Арман қойсаң, соған жету керек. Ешқашан берілмеу керек. Жаттығу жасап, ата-ананы тыңдап, оқып, арманыңа сену керек, – дейді Кәрім Мендіканов.

Кездесу барасында шәкірттер жас футболшыға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жауап алды. Естелік суретке түсті.

Мұндай кездесулер әр ойыншы үшін үлкен мотивация мен нақты бағыт берері анық.– Қолдауыңыз бен балаларымызға бөлген назарыңыз үшін рахмет! Сізге каталондық клубта сенімді жол, барлық мақсаттарыңызға жетіп, «Барселонаның» негізгі құрамына тезірек шығуыңызды тілейміз! – деп жазды Aibyn футбол академиясының ұжымы.

Кәрім Мендіқанов Қазақстан U-16 құрамасы сапында дебюттік ойынын өткізді.
Даму Кубогы аясында Пәкістанға қарсы өткен матчтың екінші таймында алаңға шығып, ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынына қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FC Aibyn (@fc.aibyn)

Дереккөз: FC Aibyn әлеуметтік желідегі параөшасынан