Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында өңірдің белсенді жастарын біріктірген
«BIR TOLQYNDA» кездесуі өтті.
Іс-шараның қонақтары әрі спикерлері қатарында «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төраға орынбасары Ержан Хамитов, танымал кино продюсері, режиссер әрі актер Ерлан Қасымжанұлы, психолог, блогер және қоғам белсендісі Әсем Қалибек, Жетісу телерадиосының үздік жүргізушісі Сымбат Саттарқызы, «Назар серілері» тобының продюсері әрі кәсіпкер Ерасыл Базарханов, кәсіпкер-блогер Ажар Каримова және ұстаз, кәсіпкер, блогер Ерке Нұрланова, сонымен қатар өңірдің аудан-қалаларынан келген жастар ұйымдарының жетекшілері, «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері мен қолдаушылары, студенттер және еріктілер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жаңа идеялар мен бастамаларды қолдау, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың қатысуын күшейту.
Кездесуде спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы

