Басты бет » Табыс сыры » БИЗНЕСТЕ ҚАЛАЙ ТЕЗ ТАБЫСҚА ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ?

БИЗНЕСТЕ ҚАЛАЙ ТЕЗ ТАБЫСҚА ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Аманжол

Аманжол РЫСМЕНДИЕВ

  • Қазақстандағы нөмірі 1 трансформациялық коуч, практик-псиxолог;
  • Құрамында 4 компания бар «EST» корпорациясының президенті, бизнесмен;
  • 9 жылдық тәжірбиесі бар мотиватор, оратор;
  • 130 000-нан аса адамның өмірін өзгерткен бизнес-тренер;
  • 200 000-нан аса тиражбен таралып бестселлер болған 5 кітаптың, 2 видеофильмнің авторы;
  • Б. Момышұлы атындағы медаль иегері

 

70 НАҚТЫ КЕҢЕС

 

І. КӘСІПКЕРЛІК МІНЕЗ НЕМЕСЕ ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУ

  1. Тұлға болып, бойымда кәсіпкерге қажетті мінезді қалыптастырамын десеңіз, өзіңізді, өміріңізді өзгертіңіз!
  2. Табыс та, сәтсіздік пен қуаныш та барлығы сіздің ішкі сенімдеріңіз бен өз ойыңызға байланысты. Ішкі сенімдер жүйесін қалыптастырып, негативті позитивке айналдыра біліңіз!
  3. Кәсібіңіз бен өзіңізді дамытуды көздесеңіз, арнайы бизнес-тренингтер мен семинар сабақтарға қатысыңыз!
  4. Дұрыс ойлап, тек жақсы нәтижені көздеп, әрекет етіңіз. Мақсаттары мен арманы бар адам – ешқашан берілмейді.
  5. Дем шығарып, дем алып, 72 сағаттық феномендік шарттарды алға тартып, әрекет етуге бейімделіңіз. Тәртіптің адамы болыңыз. Өзгеден талап еткен жауапкершілік – ең бірінші өз бойыңызда қалыптассын.
  6. Мақсатыңыз болса, өзіңізбен күрес жүргізіп, өзгелермен жарысып, көшіңіздің алды болыңыз. Дәл қазір қолыңызға қалам-блокнот алып, жоспарыңызды жазып, іске кірісіңіз!
  7. Білім жолына құйған қаражатыңыз ең дұрыс шешім! Әрдайым өзіңізді дамытудан, жаңа ізденіске талпынудан жалықпаңыз.
  8. Энергия – мол табыстың кепілі. Күш-қуат барда тыным таппай, жалқаулықтан іске көшіп, өзіңізден есеп алып, өмірге деген көзқарасыңызды өзгертетін болсаңыз, өсесіз. Сіз өзгеруіңіз үшін тәртіп пен талап керек. Сол үшін де шәкіртсіз ұстаз тұл дейді, ал ұстаздың да шәкіртсіз күні қараң. Бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол нұсқайтын адам іздеп табыңыз.
  9. Арманға жетпей жатып, берілмеңіз! Әр сәтіңізді, уақытыңызды бағалай біліңіз.
  10. Жиі, бірақ дұрыс тәуекелге баруды өз әдетіңізге айналдырыңыз. Өмірде үлкен сынақ болса, ол – тәуекел. Сіздің әрбір басқан қадамыңыз бен жеткен жетістігіңіз – өмірлік қуанышыңызға айналуы мүмкін. Сондықтан, қорықпай, шешінген судан тайынбас деп, жаңа іске тәуекел жасаңыз.

ІІ. СІЗГЕ ҰНАЙТЫН БИЗНЕС НЕМЕСЕ САЛА ТАҢДАУ

  1. Жаныңызға жақын істі таңдаңыз! Өмір бойы демалып, жақсы өмір сүруді қаласаңыз қолыңыздан келетін, сүйікті ісіңізді кәсіпке айналдырыңыз!
  2. Бойыңыздағы қабілетті шыңдаңыз. Өз мүмкіндіктеріңізге жол ашыңыз! Сізге жаңа идея сыйлайтын семинар-тренингтерге үнемі қатысып тұрыңыз. Өйткені білімсіз басталған бизнес берекесіз болады.
  3. Заман ағымына сай әрекет етіңіз! Кәсібіңізді бүгінгі өмірге лайықтап жасаңыз. Тексерілген, нарықта бар бизнес түрін бастаңыз.
  4. Кәсібіңіз мерзім мен уақытқа бағынбайтын болсын. Мерзімі өтпейтін, сұранысқа ие, үнемі қажеттілікке жарайтын кәсіпті таңдаңыз!
  5. Тауар мен қызметтің бағасын ойланып қойыңыз! Ол халыққа қолайлы, қолжетімді болуын ескеріңіз!
  6. Проблеманы – бизнеске айналдыруды үйреніңіз! Сіздің кәсібіңіз үлкен проблеманы шешуі керек!
  7. Аз істен бастап, көпке көшіңіз! Кішігірім қадамдар – үлкен жетістікке жеткізеді.

ІІІ. МАРКЕТИНГ НЕМЕСЕ ЖАРНАМА ЖАСАУ ТАКТИКАЛАРЫ 

  1. Тауарыңыздың ерекшелігін өзіңіз ғана емес, сіздің қызметкерлеріңіздің барлығы толық білуі керек.
  2. Тауар не болмаса қызметтің бағасы қол жетімді әрі сапасы сол бағаға лайық болсын.
  3. Жарнама жасап, оны тарату барысында ол қағаз нұсқадағы (флаер, буклет, плакаттар мен афиша) болған жағдайда дизайн мен мәтініне ерекше назар аударыңыз.
  4. Егер бейнеролик форматындағы жарнама болса, сіздің роликтің сапасы мен айтылған сөздердің мән-мағынасына, тауардың сипаттамасы мен қызметтің жалпы дұрыс жеткізілгендігіне, байланыс нөмірлері мен мекенжайдың дұрыстығына мән беріңіз.
  5. Сөз аз болуы керек, әдеби сөзден гөрі халыққа бірден өтімді сөздерді қолданыңыз.
  6. Көп сөзді қолдансаңыз клиент тексті қабылдай алмай қалады, 2-3 түсті қана қолдану керек.
  7. Қызықтыру үшін тауардың, қызметтің фотосы көрсетілуі міндетті.
  8. Хабарласу керек номерді үлкен, көзге көрінетіндей етіп жазыңыз.
  9. Клиент не ұтады, оған қандай пайда келетінін нақты көрсетіңіз.
  10. Толыққанды ақпаратты бірден беріп қажет емес.
  11. Сатылым бөлімінің менеджері жарнама арқылы хабарласқан клиентті ұстап қалуы тиіс.
  12. Жарнамаңыз өз шығынын ақтасын десеңіз, сапалы жарнама түрін қолданыңыз.

 IV. САТЫЛЫМ – ТАБЫС НЕГІЗІ

  1. Адамдармен тіл табысу қабілетіңізді шыңдаңыз! Сатылым үшін сіздің келісе білу, адамды тарта алу қабілетіңіз өте маңызды.
  2. Тауар немесе қызметті тез сатамын десеңіз, клиентпен кездесу үшін алдын ала дайындықпен барыңыз.
  3. Клиентпен кездесуге барғанда имиджге қатты мән беріңіз! Әдемі киініп, жинақы жүріңіз.
  4. Клиентпен сөйлесу барысында әдептілік сақтаңыз, клиент сөзін соңына дейін тыңдап, оның ойымен қарсыласпаңыз. Сөз таластырмай, әр сұрағына мұқият жауап беріңіз.
  5. Клиентке не ұнайтын, ұнамайтынын, қандай іспен айналысатыны туралы біліп алыңыз. Оның қажеттілігін анықтау үшін арман- мақсаттарын, болашаққа жоспарын сұраңыз
  6. Тауарды таныстыру уақытында клиентке пайдалы тұсын жиі айтып отырыңыз. Әңгіменің 70% сіздің клиентке беретін пайдаңыз туралы болсын.
  7. Міндетті түрде клиенттің қарсылығына айтар дайын жауаптарыңыз болсын.
  8. Кәсіпке арнаған мотивацияңыз ешқашан ортаймасын. Жұмысқа деген құлшынысыңызды үнемі арттырып, өзіңізді шабыттандырып отыруды ұмытпаңыз!
  9. Команда стимулын жасай біліңіз! Қызметкерлерге де ерекше мотивация сыйлап үйреніңіз!
  10. Сатылымнан кейін клиент жағдайын біліп, үнемі байланыста болыңыз!
  11. Кәсібіңізде арнайы сатылым алгоритмі болсын. Дайын үлгі арқылы сатылым менеджерлерін дайындап шығыңыз. Оларға компания туралы қажетті барлық ақпаратпен таныстырыңыз. Менеджеріңіз компания жұмысымен толық танысуы қажет.
  12. Кәсібіңізді бақылауда ұстайтын арнайы жүйе орнатыңыз, бастапқыда системаны дұрыс орната білетін маман көмегіне жүгініп, үйреніп алған соң өзіңіз жүзеге асырыңыз.
  13. Өлшенбеген нәрсе – бизнестің қас жауы, сондықтан кәсіптегі әрбір қадамды аңдап басыңыз! Бәрін бір жүйеге келтіріп, жұмысты тиянақты атқарыңыз!
  14. Өзгеге емес, өзіңізге сеніңіз!

V. ТҰРАҚТЫ КЛИЕНТ – ТҰРАҚТЫ ТАБЫС

  1. Кәсіптің негізгі мақсаты – клиенттер тұрақтылығын қалыптастыру!
  2. Клиентпен арақатынасыңызды үзбеңіз. Үнемі байланыста болып, мерекеде құттықтап, қуанышын бөлісуді ұмытпаңыз!
  3. Кәсібіңізде тұрақты клиенттермен жұмыс жасайтын арнайы қызметкерлерді тағайындап, олардың клиентпен дұрыс қарым- қатынас жасауын қадағалаңыз.
  4. Тұрақты клиентпен жұмыс бөлімі клиентті дамыту және ұстау бойынша арнайы жеңілдіктер, іс-шаралар мен акциялар, түрлі ойындар, конкурстар мен назар аудартатын сыйлықтар ұйымдастырып отырсын.
  5. Тауарыңызды жаңалап, қызметіңізге жиі өзгеріс енгізіп отырыңыз. Адамды жалықтырмай тың идеямен түрлі жаңалықтар ойлап табыңыз. Клиентті ұстап қалғыңыз келсе, тауар түрлерін дамытуға тәуекел жасаңыз.
  6. Тауар мен қызмет сапасына назар аударыңыз! Сапа бар жерде – сұраныс бар.

VI. БИЗНЕС ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРА БІЛУ

  1. Тұрақты клинет – тұрақты табыстың көзі. Клиенттеріңіздің 70% тұрақты болса, кәсібіңіз бір қарқында дамиды.
  2. Клиенттермен байланысқа мән беріңіз. Олар басқа компанияға кетіп қалмас үшін, үнемі жаңалық тауып, тауар мен қызметіңізге қызықтырып отырыңыз.
  3. Арнайы бағдарламаларды енгізіп, кәсібіңіздің ішкі бюджетін бақылауда ұстаңыз.
  4. Түскен табысты бірден қажетсіз нәрсеге жұмсамаңыз. Тапқан қаражатыңызды дұрыс басқаруды үйреніңіз. Бос мақтан мен жан рахаты үшін жасалатын әрекеттерден бас тартыңыз!
  5. Өзіңізді дамытуға, білімді жетілдіруге ақша аямаңыз!
  6. Табысыңыз тұрақталғанша кірістің көп бөлігін қайтадан кәсіпке салып, оны дамытуға, жетілдіруге жұмсаңыз. Үй, көлік, той жасау, шетелге шығу сияқты қажеттіліктерді кейінге қалдырыңыз.
  7. Жарнама мен маркетинг, сатылым бөліміне көбірек қаражат жұмсаңыз. Ол өзін ақтайтын болғандықтан, түскен көп табыстың бөлігі жарнамаға арналсын.
  8. Сіздің кассаңызда үнемі отбасы, тұрмыстық қажеттіліктер мен кеңсеңізге, өз қызметкерлеріңізге арналған артық ақша болуы шарт. Кез келген қиын жағдайға ұшырасаңыз резервтегі ақшаны пайдаланып, қайта қалпыңызға келгенше қарызданбауға мүмкіндік туады.
  9. Құлдырау мен кедейлік – есеп жүргізбегендіктен туындайды, сондықтан кәсіпті бастап, азын-аулақ тапқан табысыңызды ретімен, өз есебімен қолданыңыз.

VII. КӨШБАСШЫЛЫҚ НЕМЕСЕ КОМАНДА БАСҚАРУ ТӘСІЛІ

  1. Туыстар мен достарыңызды бизнеске араластырмаңыз!
  2. Өзгеден талап етпес бұрын, өз бойыңыздағы кемшіліктермен жұмыс істеп, жоқ қасиеттерді дамытыңыз!
  3. Команданың мотивациясын бақылауда ұстаңыз. Ол сапалы жұмыс жасаудың ең үлкен бөлшегі.
  4. Оқығанды, жиған білімді практикада қолданыңыз!
  5. Лидерлік қасиетті дамытыңыз. Өзіңізді авторитарлы лидер болуға дайындаңыз.
  6. Беделіңіз бен абырой, атыңызды қалыптастырыңыз. Сыртқы көрінісіңізбен көп жұмыс жасап, өзіңізді бақылауда ұстаңыз.
  7. Компанияңыздың мақсаты мен болашағының сызбасын жасаңыз. Қайда бара жатқанын, жетістік шыңы не боларын ойланыңыз! Мақсатсыз жұмыс бастамаңыз.
  8. Команда мен компанияға ортақ ережелер мен қағида, тәртіп орнатыңыз. Бәрі бағыну керек принциптеріңіз болсын.
  9. Әр қызметкеріңіздің жұмыс жағдайын бақылап, оны құлшындырып отырыңыз.
  10. Командаға адам алмас бұрын, тапқырлығы мен жауапкершілігіне, кәсібилік деңгейіне мән беріңіз.
  11. Ең мықты адам – өз кемшілігін білген адам.
  12. Әр қадамды стратегиямен жасаңыз. Жұмыс сапасының түсіп кетпеуін, жылдық, айлық жоспардың дұрыс жүзеге асуын қадағалап жүріңіз.

http://estshow.kz/

Пікір жазу