14 қыркүйекте Қазақстан премьер лигасының 23-ші туры аясындағы «Ақтөбеге» қарсы матч барысында алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды.
Ойынның 13 минутында «Ақтөбе» командасының ойыншысы Уче Агбо шынтағымен қақпашының жақ сүйегіне кіріп кеткен. Соның салдарынан қақпашының төменгі жақ сүйегін сынып, ақыл тісі зақымданған және мойын тұсы жарақаттанған. Соған қарамастан алматылық «Қайрат» «Ақтөбе» командасын 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голдың авторы – Дастан Сәтпаев.
Темірланның футболға оралуына шамамен 40 күн уақыт қажет екен. Демек, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы басты кездесулер – португалиялық «Спортингке»(18 қыркүйек, Лиссабон) және мадридтік «Реалға» қарсы матчтарына қатыса алмайды.
Айта кетейік, командадағы бірінші қақпашы Александр Заруцкий де жарақат алған болатын. Осыған байланысты енді «Қайраттың» қақпасын небәрі 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қорғайды. Жас қақпашы кеше «Ақтөбеге» қарсы ойында алғаш рет алаңға шығып, қақпасын қорғап, доп енгізбеді.