Басты бет » Жаңалықтар » Парето қағидасы бойынша мақсатыңызға жету құпиясы

Парето қағидасы бойынша мақсатыңызға жету құпиясы

Парето қағидасы бойынша мақсатыңызға жету құпиясы

Парето заңы бойынша “20% әрекет 80% нәтижеге алып келеді, ал 80% күш тек 20 % нәтиже береді” деп тұжырымдалады. Бұл экономист әрі әлеуметтанушы Вилфредо Паретоның тайм-менеджментке байланысты құраған ережесі.

Кез келген жан аталған заңды егжей-тегжейлі меңгеріп, назарын маңызды жұмысқа қойып үйренсе, айтарлықтай жетістікке жете алады. Себебі әрекеттің 20%-ын анықтап алмасаң, уақытыңның 80%-ы бос өтіп кететінін түсінуің керек. Сондықтан қазірден бастап әрекеттің 20%-ын қандай іске арнайтыныңды нақтылап ал.

Бұл заңдылықтың мақсаты барлық күшті жұмысқа салу емес, оны қажетті бағытта жұмсау.

Парето принципін күнделікті өмірде қалай қолданамыз?

80/20 ережесі бойынша тиімділікті арттыру үшін саған күш, тәртіп және мотивация қажет.

Парето заңын қолданудың қарапайым алгоритмі бар:

Мақсат қой және оған жетудің соңғы мерзімін анықта.

Өзге адамдар мен өз тәжірибеңе сүйене отырып, мақсатқа жету жолын тексеріп ал.

Тақырып бойынша барлық ақпаратты жинақта.

Ақпаратты оқып, жүйелегенен кейін артық деректерден бас тарт.

Қажет емес ақпаратты алып тастағаннан кейін, нақты әрекеттер тізімін жаса.

Құрастырылған тізімді тағы бір рет оқып шық. Оның ішінен басты нәтижеге әсер етпейтін, алайда көп уақыт пен күш жұмсалатын әрекеттерді алып таста.

Содан соң нәтижеге алып келетін әрекеттерге сүйене отырып, мақсатың мен оның нақты мерзімін анықта.

Жоспарларыңды іске асыруды жалғастыра бер. Жеткен нәтижені өз уақытымен талдап отыр. Қажет болған жағдайда мақсаттарыңа өзгеріс енгізуіңе болады.

Енді мына сұрақтарға жауап бер.

1️⃣ Уақытыңның 80%-ын қайда жұмсайсың? Кітап оқуға немесе әлеуметтік желіге ме? Есіңде болсын, олар сағае пайданың 20%-ын ғана алып келеді.

2️⃣ Уақытыңның 20%-ын ғана жұмсап, 80% рахатты неден аласың?

3️⃣ Қоршаған ортаңдағы қай адамдар сені бақытты етеді?

4️⃣ Қандай 20% киімдерді аптаның 80%-да киесің?

5️⃣ Тамақтану режиміңде 80% құрайтын азық-түліктің 20%-ы қандай?

Сұрақтарға жауап берген соң, талдау жүргіз. Мәселен, егер уақытыңның 80%-ын сені тек 20% бақытты ететін жандарға арнасаң, ортаңды өзгерткенің дұрыс.

Дереккөз: zhatpa.kz