Ливерпульда өткен бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7 алтын еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Ел спортшылары дүбірлі спорт додасында 7 алтын, 1 күміс, 2 қоламен командалық есепте үздік атанды.
Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Айбек Оралбай (+90 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі) алтын иеленді.
Назым Қызайбай (48 келі) күміске қол жеткізсе, Виктория Графеева (60 келі), Елдана Тәліпова (+80 келі) қола медаль жеңіп алды.