Басты бет » Жаңалықтар » 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бүгінде елімізде Мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдан бастап қарқынды түрде тойланып келе жатыр. Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында рәміздер ресми түрде бекітілген.

 

Сурет: egemen.kz

Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба, Әнұран кіреді. Желбіреп тұрған көк туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз жүрегімізде отанға деген махаббат пен мақтанышты оятып әрбір азаматтың рухын асқақтатады. Сондықтан да бұл күн тарихта рәміздер күні деп мәңгілікке есте қалады.
Биыл Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мемлекеттік рә­міздері қабылданғанына 33 жыл толып отыр. Айтулы күнге орай еліміздің әр өңірінде жыл сайын көптеген іс-шаралар өтеді.

Қазақстан Республикасының Туы- 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді. Тудың ортасында шұғылалы күн орналасып оның астында көгілдір түсті мата да қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Тудың ені мен ұзындығының қатынасы — 1:2.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы – 1992 жылғы 26 маусымда бекітілді. Елтаңба да көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезі тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының әнұраны- 2006 жылғы 7 қаңтарда бекітілді. Әнұран композитор Шәмші Қалдаяқовтың музыкасынан және ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөздерінен тұрады. Әнұран Қазақ елінің әсем табиғаты мен сұлулығын, ұлттық мақтаныш пен халық бірлігін бейнелейді.

Мемлекеттік рәміздер туралы қызықты 10 дерек:

1.Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады.
2. Ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек.
3. 1992 жылы қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған.
4. Мемлекеттік мекеме маңдайшаларында Ту міндетті түрде болуы керек.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілген.
6. Қазіргі Әнұранымыз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды.
7. Қазақстандағы ең үлкен ту елордадағы «Атамекен» этномемориалдық кешеніндегі Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан. Биіктігі – 111 метр. Кешен 2009 жылы салынған.
8. 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың Туын ғарышқа апарды.
9. Монблан шыңында (4 810 м), Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және Эверест шыңында (8 800 м) еліміздің Туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.
10. 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстанның Туы Жерді 150 рет айналып ұшты.

Көк Туымыз көгімізде желбіреп аспанымыз әрдайым ашық болсын!