XXI ғасырда адамзаттың игілігіне бағытталатын дүниенің бәрі «трендке» айналуда. Соның бірі – жасыл экономика. Бұл – ресурстарды тұрақты әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, сондай-ақ адам қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайтуға негізделген экономикалық даму тұжырымдамасы.
Оның негізгі міндеттері:
⁃ тұрақты өндіріс;
⁃ жаңартылған энергия көздерін пайдалану;
⁃ қалдықтарды басқаруды жақсарту;
⁃ экологиялық таза технологиялар мен инфрақұрылымдарды дамыту;
⁃ қоршаған ортаны қорғауға байланысты салаларда жұмыс орындарын құру.
«Жасыл экономиканың» негізігі идеясы Дэвид Пирске тиесілі. Терминді алғаш 1989 жылы қолданған болатын. Ол «ресурстар мен қоршаған ортаның» жетекші экономисі болды. Дәл осы сала жасыл экономика ұғымын дамытуда басты рөл атқарған еді.
Міне, экономиканың бұл саласы бойынша түсінік қалыптастырдық. Енді оның міндеттерін жүзеге асырудағы негізгі аспектілерге тоқталсақ:
⁃ Жаңартылатын энергияны дамыту: бұл күн, жел, гидроэнергетика және жаңартылатын энергияның басқа түрлеріне инвестицияларды қамтиды. Осы салада жаңа технологияларды әзірлеу мен енгізуді қолдау, мұнай-газ және көмірге тәуелділікті азайту.
⁃ Энергияны үнемдейтін технологиялар және инфрақұрылым: бұл жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелерін жақсартуды, нөлдік шығындары бар көлік жүйелерін дамытуды және өндірістегі энергия тиімділігін арттыруды қамтиды.
⁃ Қалдықтарды басқару және қоршаған ортаны қорғау: қатты және қауіпті қалдықтарды басқаруды жақсартуды, қалдықтарды жою әдістерін әзірлеуді және материалдарды қайта өңдеу инфрақұрылымын құруды негіздейді.
⁃ Жасыл инвестицияларды ынталандыру: мемлекеттік бағдарламалар, салықтық жеңілдіктер, субсидиялар, және басқа да қолдау шаралары жеке компаниялар мен инвесторларды жасыл технологиялар мен жобаларға инвестиция салуға ынталандыруы мүмкін.
⁃ Сауаттылық және білім: қоршаған ортаны сақтау, ресурстарды тұрақты тұтыну және жауапкершілікпен пайдалану мәселелері бойынша халыққа білім беру.
Көптеген әлемдік компаниялар қоршаған ортаға және тұрақтылыққа көбірек көңіл бөле отырып, өз қызметіне “жасыл тәжірибені” енгізе бастады. Мысалы:
- Tesla
бұл компания электромобильдер өндірісіне және жаңартылатын энергия көздеріне маманданған. Сонымен қатар күн батареяларын өндірумен және энергияны сақтаумен айналысады, бұл оған тұрақты дамудың кешенді шешімдерін ұсынуға мүмкіндік береді. Компания дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділікті азайту және көлік саласындағы тұрақтылықты жақсарту үшін инновациялық технологияларды құруға назар аударады.
- Unilever
тұрмыстық химия және азық-түлік саласындағы әлемдік көшбасшы, ол өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайту үшін белсенді жұмыс істеуде.
өзінің деректер орталығының экологиялық ізін азайту үшін жұмыс істейтін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандыратын технологиялық алпауыт.
- Patagonia
тұрақты өндірісті белсенді қолдайтын және өз өнімдерінде химиялық заттарды пайдалануды азайтқан киім компаниясы.
Елімізде де экономиканың бұл түріне бей-ай қарамайды. Тұрақты даму және қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында Қазақстан жасыл экономиканы дамыту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Естеріңізде болса, 2013 жылы «Стратегия-2050» қабылданған болатын. Ол табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін енгізу, экологиялық инфрақұрылым мен технологияларды дамыту, сондай-ақ экология және тұрақты даму саласындағы білім беру және оқыту жөніндегі шараларды қамтиды.
Оның аясында атқарылатын іс-шаралар ел экономикасының жаһандануына ерекше ықпал ететінін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемелерінде атап өткен болатын. Қазақстандағы жасыл экономиканы қолдаған бірнеше компаниялар тізімі:
- KazMunayGas – жаңартылатын энергия көздерін дамыту және өз қызметіне экологиялық таза технологияларды енгізу жөніндегі жобаларға белсенді инвестиция салатын Қазақстандағы ірі мұнай компаниясы.
- Kazatomprom – уран өндіруге, қайта өңдеуге және сатуға маманданған, сондай-ақ экологиялық әсерді қысқарту, баламалы энергия көздерін дамыту және орнықты дамуды қолдау жөніндегі шараларды белсенді енгізетін компания.
- Air Astana – бүкіл әлем бойынша рейстер жасайтын Қазақстанның Ұлттық авиатасымалдаушысы. Компания көміртегі шығарындылары мен отын шығынын азайту шараларын белсенді түрде енгізуде және дәстүрлі ұшақтарды экологиялық таза модельдерге ауыстыру бағдарламасына қатысады.
Қорытындылай келе, дамыған жасыл технологиялар мен инфрақұрылым экономиканың жоғары өнімді және тұрақты салаларын құру арқылы елдің әлемдік нарықтағы жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыра алатындығын ескеруіміз қажет.
Жалпы, жасыл инвестициялар қоршаған ортаны қорғау құралы ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсуді ынталандырудың және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды құралы болып саналады. Жасыл экономиканың дамуы қоғамның болашағы мен тіршілік ету ортасына айтарлықтай әсер етеді.
Әділет Жумагелдиев