Басты бет » Ұлағат (страница 2)

Ұлағат

Батырдан ғибрат

Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы: «Қыздың намысын ер-азамат қорғауы – парыз. Өзінің анасын – ана, өзінің қарындасын қарындас көріп, басқаның анасын, апа-қарындасын әншейін ұрғашы санайтын санасыз бөріктілер бар. Ананы ардақтаған, қызды қадірлеген еркек заты ғана азамат атына лайық. Әйтпесе шалбарды кім кимейді дейсің?! Жылан да, ара да гүлдің нәрін сорады. Бірақ біреуі – бал, біреуі у жасайды. Еркек атын ...

Толығырақ »

Сенің әлпетіңді есте сақтап қалғым келеді!

Сурет: https://informburo.kz/ «Сенің әлпетіңді есте сақтап қалғым келеді, о дүниеде жолықтыра қалсам, сені танып, тағы да алғыс айтқым келеді». Бірде радиожүргізуші нигериялық миллиардер Феми Отедолаға сұрақ қояды. «Мырза, өміріңіздегі ең бақытты сәтті еске түсіре аласыз ба?» Феми оған: «Мен бақытты танудың төрт деңгейінен өттім. Ақырғы деңгейде бақыттың не екенін ұқтым» деп жауап беріпті. — Бірінші деңгейде бақытты табыс табу мен ...

Толығырақ »

НАУРЫЗДА бата-тілектердi қабыл ет!

НАУРЫЗҒА 100 бата-тілек! 1. Кемістің кемтігін толтыр, 2. Олқының орнын толтыр, 3. Үйсізге үй, 4. Күйсізге күй, 5. Баласызға перзент бер! 6. Дертке дауа, 7. Басқа амандық, 8. Көңілге түгелдік, 9. Елге тыныштық, 10. Басшыға хидаят бер! 11. Ажалға сабыр, 12. Сабырсызға тоқтам, 13. Санасызға сана, 14. Қатігезге мейірім 15. Ұятсызға иба бер! 16. Ұрпақты саналы, 17. Қызды ұятты, 18. ...

Толығырақ »

ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ

Сурет: https://zhalagash-zharshysy.kz/ 1-ғибрат. Ұрпағың мықты болсын десең, өзің, шыққан тегің мықты болуың керек екен. Құнанбай осал адам болмаған. Ал енді ұрпағына қараңызшы. Абай, Шәкәрім, Мағауия, Әбдірахман, Кәкітай, Тұрағұл, Ахат, Архам… Бәрі шетінен мықты. Кеңес үкіметі құртты ғой бәрін. Ұрпағымыздан мықты адамдар шықсын десек, өзімізді аямауымыз керек. ⠀ 2-ғибрат. Бала тәрбиесінде ананың ойнайтын рөлі өте маңызды екен. Құнанбайдың анасы Зерені алайық. ...

Толығырақ »

Мұхтар шешен, тапқыр, ойлы сөйлейтін

АКАДЕМИК, ҒАЛЫМ СЕРІК ҚИРАБАЕВТЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН: Мұхтар Әуезов шешен, тапқыр, ойлы сөйлейтін. Тіл заңын еркін меңгергені сондай, кейде сөз жасап тұратын. Орысшасы да сондай болатын. Бірақ бүкіл ойлау жүйесімен қазақ еді. «Орысша жақсы білесіз, неге орысша жазбайсыз?» деген сұраққа: – Пәлі, орысша жазу үшін орысша тіл білу жеткіліксіз. Орысша түс көру керек. Мен ылғи түсті қазақша көремін, – деп жауап берген. ...

Толығырақ »

Жұмабек Тәшенов туралы естелік

ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВТЫҢ ЖАРЫ БӘТЕС ЫДЫРЫСҚЫЗЫНЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН: Жұмабекпен қырық бес жыл тұрмыс құрдық. «Өзіңді күт», — деп маған жұмыс істетпей қойған-ды. Ол балаларға ерекше қамқор еді. Бір жаққа іссапарға шықса, барысымен телефон соғып, үй-ішінің жай-жапсарын егжей-тегжейлі сұрай бастайтын. — Оу, таңертең ғана кеткен жоқпысың? — дейтінмін мен күліп. Жұмабек бұл дүниеден тек шындық пен әділдікті ту етіп, ешкімге ешуақытта ...

Толығырақ »

Желтоқсанның шындығы әлі ашылады

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында милиция Генералы М.Д. Қалматаев : «Мынау не сұмдық, мұны тоқтатпайсыз ба? Фашистер де бұлай істеген жоқ!» Елі үшін, Халқы үшін өлімге жанын беруге дайын болған нағыз патриот Генерал ағамыз! Колбин: «Мен сенің көзіңді құртамын!» деп 50 жастағы генерал Калматаевті Ауған соғысына аттандырып жібереді. Ауған соғысына жасы 35-тен асқан офицерлерді жібермейді. Ауған соғысына қатысқан жалғыз қазақ — генерал ...

Толығырақ »

Отбасы — сыйластық мекені

Бірде жағдайы өте жұпыны, жұмысы да қарапайым, табысы да мардымсыз бір жігітке қайын атасы келіп: «Сен менің қызымды үлде мен бүлдеге орап еркелете бергеніңді қой. Үйдегі тамақты, етті де əдейі азайтып тұр. Ішкені алдында, ішпегені артында болған адам нығметтің қадірін түсінбейді», — дейді қабағын шытып. Жігіт мына сөзге таң-тамаша болып, не деп жауап берерін білмей тұрып қалады. Себебі, барлығы қайын ...

Толығырақ »

Жапонияда мұғалімдер күні жоқ

Бірде мен жапондық әріптесім Ямамота мұғалімнен сұрадым: — Жапонияда мұғалімдер мерекесі қашан болады? Сіздер оны қалай атап өтесіздер? Менің сұрағыма Ямамота таңданып: — Бізде мұғалімдер мерекесі жоқ. Оның бұл жауабына сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Менің санамда: «Экономикасы, ғылымы және техникасы дамыған ел мұғалімге, оның жұмысына неге мән бермейді?» деген ой ұшқындады. ***** Сонымен, жұмыстан кейін Ямамота мені үйіне қонаққа ...

Толығырақ »