Басты бет » Жаңалықтар » ЕСІК АШУ ДЕГЕН ҚАНДАЙ САЛТ?

ЕСІК АШУ ДЕГЕН ҚАНДАЙ САЛТ?

Айнұр Жүгінісова,

актриса

Қыз ұзатылып, барған жеріне сіңіскен соң, құдалар жағы құдалық жоралғыларын жасап болған соң, қызды өз үйіне, төркініне шақырады. Оған дейін қыз өз үйіне бармаған. Қыздың қасына қайынсіңлісі, абысыны, т.б. еріп барған, яғни қызды салтанатпен алып келген. Осы келгенінде өз әлінше сый-сияпат ала келген. Қайтарында қызға да, қасындағы еріп келгендерге де сый берген. Малы барлар мал берген.
Бірақ бұл салт қазір ауысып кетті. Енді, көбінесе, қызды алып қалатын дәстүрге көшті. Енді күйеу қоржыны, құдалығы келіншек келгеннен кейін болатын дәстүр пайда болды. Күйеу қайын жұртына келгенде, құдалық, Қыздың төркінге келуі — Есік ашуы, күйеудің «күйеу сәлемі» сияқты салт бірге орындалатын болды. Яғни қыз төркініне күйеуімен бірге, құдалармен бірге келетін болып жүр.
Қазір де құда түсіп, сырға салып, қыз ұзатылып жүр. Қыз төркініне күйеуімен барып-келіп жүреді, бірақ бұрынғы салтанатты онша байқамаймын. Қыз бен бала да алғаш Есік ашып бара жатқан сапары болашақ өмірлерінің бір ерекше сәті болып қалуы тиіс.

Сіздің өңірде есік ашу салты орындалып жүр ме?