Басты бет » Жаңалықтар (страница 3)

Жаңалықтар

Министр шығармашыл жастармен кездесті

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен негізгі бастамалары сөз болды. Кездесуге жас кәсіпкерлер, дизайнерлер, музыканттар, режиссерлер, продюсерлер, блогерлер, журналистер, ғалымдар, зерттеушілер мен спортшылар қатысты. Сондай-ақ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, жастар ұйымдары мен волонтерлік қозғалыс көшбасшылары және студенттер жиналды. Министр Жолдауда айқындалған ...

Толығырақ »

Есірткіні жарнамалайтын 2 мыңға жуық жазу мен суреттер өшірілді

Елімізде әлеуметтік желілер, мессенджерлер, QR-кодтар мен ғимарат қабырғаларындағы жазулар арқылы есірткі жарнамасының таралуына қарсы күрес жалғасуда. Осы мақсатта «Әділет» партиясының жастар қанаты еліміздің барлық өңірінде «Есірткіге жол жоқ» акциясын өткізді. Жастар есірткіні насихаттайтын 2 мыңға жуық жазу мен суретті өшірді. Бастаманы жергілікті атқарушы органдардың, полиция мен прокуратураның өкілдері, қоғам белсенділері қолдады. Іс-шараға мыңға жуық жас қазақстандық қатысты. Негізгі мақсат – ...

Толығырақ »

Жастар «Қауіпсіз қала» акциясын өткізді

«Әділет» партиясының жастар қанаты ел аумағында ұйымдастырылған «Қауіпсіз қала» акциясы кезінде 100-ден астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және тұрғындарға қауіп төндіретін олқылықтарға қатысты деректі анықтады. Үш күнге созылған акцияға 2 мыңға жуық жас белсенді қатысты. Президент Жолдауында айрықша атап өтілген «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген акция еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласын қамтыды. Жастар бастамасына жергілікті полиция қызметінің, ...

Толығырақ »

Қазақ студенті Әлем чемпионатында рекорд орнатты

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында М.Әуезов университетінің студенті Нұрғиса Әділетұлы әлем рекордын жаңартты. Қазақстан құрамасы сапында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтеріп, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Нұрғиса Әділетұлы – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құқықтану» (6В04210) білім беру бағдарламасының ІІ курс студенті. Әлемнің үздік ауыр атлеттері ...

Толығырақ »

Телефонды кітап оқуға пайдаланудың 7 пайдалы тәсілі

Смартфон кітап оқуға кедергі де, мүмкіндік те бола алады. Мұның бәрі оны қалай пайдаланатынымызға байланысты. Әлеуметтік желідегі қысқа видеолар кітаппен таныстыруы мүмкін, ал электронды кітапханалар қажетті шығарманы кез келген жерде оқуға жол ашады.Сурет: ЖИ Алайда ақпараттың көптігіне алданып, кітаптың қысқаша мазмұнын оқумен шектеліп қалмаған жөн. Толық шығарманы оқу адамды ойлануға, талдауға және өз пікірін қалыптастыруға үйретеді. Ең бастысы, телефонға жұмсайтын ...

Толығырақ »

25 жасында кеме экипажын басқарады: Теңізші қазақ қызының өмірі

Кемеде экипаждың жұмысын ұйымдастырып, қауіпсіздігіне жауап беретін Нұрай Абилканова небәрі 25 жаста. Ол – Қазақстан флотында капитанның аға көмекшісі қызметін атқарып жүрген жалғыз қыз. Төрт жыл ішінде капитанның үшінші көмекшісінен басшылық қызметке дейін көтеріліп, халықаралық кемелерде жұмыс істеп үлгерген. Алайда көбіне ер азаматтар жұмыс істейтін теңіз саласында мұндай дәрежеге жету оңай болмады. Нұрайға кәсіби біліктілігін дәлелдеп, түрлі қиындықтарды еңсеруге тура ...

Толығырақ »

Алматылық Асылым Өтепберген – «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы

 Кеше Алматыда «Қазақ аруы – 2026» байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген ең жарқын, талантты әрі харизмалы 22 ару 3 қараша күні Республика сарайының сахнасында өнер көрсетіп, өзара бақ сынады.  «Қазақ аруы» — бұл жай ғана сұлулық байқауы емес, ұлттық құндылықтар мен заманауи трендтер тоғысқан мәдени платформа. Мұнда XXI ғасырдағы қазақ қызының білімді, өз мәдениетіне құрметпен қарайтын және болашаққа нық қадам ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақ дзюдошысы Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. 52 келіге дейінгі салмақтың финалында Фатима португалиялық София Гаспарды жеңіп, чемпион атанды. Бұған дейін жас дзюдошы  Эквадордың Гуаякиль қаласында кадеттер арасында өткен әлем чемпионатында топ жарған еді. Осылайша, ол Қазақстанның әйелдер дзюдосы тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған болатын.

Толығырақ »

Заңсыз вейп саудасының жолы кесілді: Күдіктіден 4 млн теңгенің тауары тәркіленді

Шымкентте полиция қызметкерлері электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан азаматты ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің автокөлігінен жалпы саны 400 вейп табылып, тәркіленді. Өнімдердің жалпы құны — 4 миллион теңге. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция ескертеді: елімізде электрондық тұтыну жүйелерін, яғни вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен қатаң тыйым салынады. Аталған талаптарды ...

Толығырақ »

Жасөспірімдер қылмысы: Балаларды құқықбұзушылыққа не итермелейді?

 Венера МҰРАТҚЫЗЫ Сурет: ЖИ Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр. Мамандар мұның артында отбасындағы тәрбие, әлеуметтік орта, психологиялық қиындықтар мен жасөспірімдерге көрсетілетін бақылаудың жеткіліксіздігі сияқты факторлар бар екенін айтады. Жасөспірімдер қылмысы – бір ғана отбасының немесе білім беру мекемесінің мәселесі емес. Бұл – қоғамның ортақ жауапкершілігін талап ететін күрделі әлеуметтік құбылыс. Әсіресе соңғы жылдары балалар арасындағы құқық ...

Толығырақ »