Басты бет » Жаңалықтар (страница 127)

Жаңалықтар

КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕТІСТІКТІҢ КЕПІЛІ – КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕК

Қоғамның өзгеруі мен дамуының локомотиві сөзсіз жастар болып табылады. Олар жаңа ашылулар мен өзгерістерді жасайды, ойлап табады және шабыттандырады. Әрине, мұндай өзгерістер біздің өміріміздің барлық салаларына қатысты. Елбасы бастамашы болған Мәжіліс пен мәслихаттардағы жас депутаттар үшін квотаның ұлғаюы осы және басқа да тақырыптарды бүгін «Jas Otan» ЖҚ белсенділері «Jas Otan Cases» алаңының қонақтарымен «Жас көшбасшыларға арналған Парламент моделі» тақырыбын талқылады. ...

Толығырақ »

«Balmuzdaq.plus» кімдерге арналған?

Омар Заңғар – жастарға арналған «Balmuzdaq.plus» жобасы авторларының бірі, Сүлейман Демирел университеті журналистика мектебінің студенті.  — Балмұздақ идеясы қайдан келді? — Ең басында СДУ-да “Soyle” атты болашақ журналистерге тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін медиа болатын. Яғни, басында ол газет болды, кейін әлеуметтік желіге көшті. Сол жерде шығармашылығымызды шыңдап жүрдік. Бір жылдан кейін “Soyle-де” өзім редактор бола бастадым.          Бір күні Қазақстандағы ...

Толығырақ »

Студентін құрметтеген ел

БІРДЕ КОРЕЯ ЕЛІНДЕ… Соңғы емтиханды тапсыруға тиіс бір студент түнімен дайындалып, таңертең емтихан тапсыруға бірнеше минут қалғанда ғана ояныпты. Егер ол бұл емтиханнан кешіксе, онда биылғы жылы оқуға түсуге дайындалған бар еңбегі зая кетіп, тағы бір жылға күтетін болады. Оқушының тұратын үйі Мапу ауданында, ал мектебі оның үйінен 5,8 шақырым қашықтықта. Оның мектебі Сеулдің жол кептелісі ең мол бөлігінде орналасқан. ...

Толығырақ »

«Ақжолдықтар» «Қазақ Республикасы» атауын қайтаруды ұсынды

Бүгін «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының XVI сайлауалды құрылтайы өтті. Құрылтайда «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының жобасы, жергілікті мәслихаттарға партиялық үміткерлердің тізімдерін ұсыну, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін ұсыну және партияның Орталық кеңесінің жаңа құрамын бекіту туралы мәселелер қаралды. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ЖАҢА ЖӘНЕ ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАНҒА апаратын өзгерістер бағдарламасын ұсынды. ...

Толығырақ »

Айсұлу Өскенбайқызы: Қиялдан туған суреттер бағалы болады

Айсұлу Өскенбайқызы, Ə. Қастеев атындығы өнер музейінің қызметкері, суретші.  – Бұл салаға қалай келдіңіз?  – Суретшілік өнерге құштарлығым бала шағымнан бастау алды. Анамның қасында отырып, оның тіккен тігістеріне, жасаған бұйымдарына қарап көп нəрсе үйрендім. Сол кезде суретші болуды армандайтынмын. Міне, сол арманыма жеттім.  Жалпы өзім Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында бакалавр мен магистратураны оқып бітірдім. Енді болашақта докторлықты сонда қорғамақ ...

Толығырақ »

ШАМАҢ КЕЛСЕ ШЫНДЫҚТЫ АЙТ

«Қаламгер қазынасы» сериясынан Көсемәлі Сәттібайұлы Талапты ауылы. Шерхан ағаның інісі Батырханның шарбағындағы алма талдың түбінде отырмыз. Кешкі мезгіл. Өрістен қайтқан сиырлардың мөңіреген дауысы мен ауыл адамдарының самбырлаған үндері құлаққа келеді. Бәкеңнің абалаған иті де кешкі шуды молайта түскісі келгендей қосамжарланып жатыр. Шерағаң болса «ал, сөйле» дегендей мені күтіп отыр. Әрине, Шерағаң туралы көп жызылды. Көп айтылды. Олар кітап болып бірінен ...

Толығырақ »

Жапонияда мұғалімдер күні жоқ

Бірде мен жапондық әріптесім Ямамота мұғалімнен сұрадым: — Жапонияда мұғалімдер мерекесі қашан болады? Сіздер оны қалай атап өтесіздер? Менің сұрағыма Ямамота таңданып: — Бізде мұғалімдер мерекесі жоқ. Оның бұл жауабына сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Менің санамда: «Экономикасы, ғылымы және техникасы дамыған ел мұғалімге, оның жұмысына неге мән бермейді?» деген ой ұшқындады. ***** Сонымен, жұмыстан кейін Ямамота мені үйіне қонаққа ...

Толығырақ »

ӘЖЕМНІҢ ӘҢГІМЕСІ

Әжемнің асыл бейнесі көз ­алдымда… Әжем жаратылысынан ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбеті өзара үйлесім тапқан, жүзі шырайлы, бітімі келісті, бойшаң, кеудесін тік ұстайтын, зерек ойлы, талғамы жоғары, зиялы жан еді. Күнде таңғы елең-алаңда ерте тұрып, ­Алладан бала-шағасының амандығын тілеп, жайылған дастарқанға ыстық ықыласын білдіріп отыратын. Иә, асыл әжем Бөшенқажы келіні Зіния Ахметқызы 1910 жылы Алматы ­облысы Кеген ауданы Алғабас ...

Толығырақ »

Қарсыласының өміріне араша түскен футболшы (видео)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Оқжетпес» ойыншысы Дарко Зоричтің өмірін аман сақтап қалды. Оқиға Қазақстан чемпионатының 16-турындағы «Тараз» және «Оқжетпес» матчы кезінде болды. Бауыржан Тұрысбек ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді. – Бауыржан, «Оқжетпес» футболшысының есінен танып қалғанын қалай білдіңіз? Оқиғаның жай-жапсарын айтып беріңізші. – Көкшетаулық футболшылар біздің қақпаға айып добын орындаған еді. Допқа талас кезінде Дарко ...

Толығырақ »

Елордада жастарға білім беру жобасы іске қосылды

Елордада «Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі» республикалық жастар білім беру жобасы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Форум – жыл сайын жаз айларында Зеренді өңірінде өткізілетін «Zeren» дәстүрлі диалог алаңының жалғасы. Пандемияға байланысты аталған шара онлайн форматта және бас қаладағы Қазақстан жастары конгресінің кеңсесінде ұйымдастырылды. Онда конгресс кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева мен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Сонымен ...

Толығырақ »