Танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілініп, қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты осындай ақпарат тарап жатыр. Алматы қаласы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. «Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», — делінген полиция департаменті берген мәліметте.