Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге маңызды ақпарат жариялады. Оларға денсаулық мәселесіне бей-жай қарамау керегін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.
«Оңтүстікте 11 жастан асқан қыздар көп. Аналары жақындаңыздар! Маңызды ақпарат. АПВ-ВПЧ (вирус папилломы человека) туралы айтамын.
Қазір күніне 25-44 жас аралығындағы екі келіншек осы сырқаттан көз жұмады. Рак шейки маткиді ВПЧ-ға мазок тапсыру арқылы анықтайды. Ішіндегі 16, 18 тип өте қауіпті», — дейді Л.Сұлтанқызы.
Оның айтуынша, бір жаманы, бұл дерт 3 сатыға дейін сыр бермейді екен.
«Әлемнің 150-ге жуық елдерінде бұл баяғыда міндеттелген прививкалар қатарында. Тіпті, рак шейки матки обырын толығымен жеңген елдер де бар. Статистика солай дейді. ВПЧ туралы қорқынышты ақпараттарды естіген сайын барлығын сіздермен бөліскім келеді.
Құрметті қыз-келіншектер! Біз өте сауатты болуымыз керек. Біз бала-шағамыздың денсаулығына жауаптымыз. Мұнда ауырғанша ауырмайтын жол ізде деп жатырмын», — деп жазды тележүргізуші әлеуеметтік парақшасында бөлісті.