Шымкентте адам өміріне қауіпті энергетикалық сусын өндірілгені анықталды Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкенттегі департаменті энергетикалық сусын шығаратын жасырын цехтың қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мыңнан астам бос банка, энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады. ...
Толығырақ »Архив блога
Президент футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады.
Толығырақ »Қазақстан-Солтүстік Ирландия арасында футбол матчы өтуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Ирландия командаларының арасындағы футбол матчында ұлттық құрамамызды қолдау үшін «Астана Арена» стадионына келді. Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан-Солтүстік Ирландия арасында футбол матчы өтуде. t.me/aqorda_resmi
Толығырақ »Қазақстанда блогерлер туралы заң күшіне енді. Бұл туралы не білу керек?
10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Jastar janary порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін заң 60 күннен кейін, яғни 2023 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енетіні хабарланды. Заң онлайн-платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы қылмыстық жауапкершілік пен әкімшілік жауапкершілік енгізіліп жатыр. Онлайн-платформалардың қарапайым ...
Толығырақ »Қазақстанда неке саны азайған
Қазақстанда соңғы 10 жылда тіркелген неке саны 36 мыңға азайған. Ұлттық статитиска бюросының мәліметінше, 2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген некелер саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін кеміген. Өңірлер арасында некелесушілердің ең жоғары көрсеткіші – Астанада, ең төменгісі – Ақмола мен Абай облыстарында. Неке санының төмендеу факторларының бірі — некеге тұрған халықтың жас құрылымының ерекшелігімен байланысты, дейді Ұлттық статистика бюросы. ...
Толығырақ »Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ, этнолог-тарихшы: Бүгінгі отбасы институты қандай халде?
Бүгін Отбасы күні. Әр отбасы мемлекеттің кірпіші, әр отбасы берік болса, мемлекет мықты болмақ. Сөзсіз, әр отбасының артында ұлттың тағдыры, мемлекеттің келешегі тұр. «Ауруын жасырған өледі» дейді халқымыз. Шаңырақ көтеріп жатқан жастарға «шаңырағың биік, босағаларың берік болсын» деп жатамыз, бірақ сол құрылған жас отаулардың жылға жетпей ажырасып жатқаны қаншама?! Бүгінде отбасы құндылықтары құлдыраған заман болды, ажырасудан алдамыз. Отбасы институты құлдырап ...
Толығырақ »Алматыда студенттік жатақханаларға, қонақ үйлер мен хостелдерге мониторинг жүргізілді
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мәслихат депутаттары және қоғам белсенділерімен бірлесіп алматылық студенттерінің қоныстану орындарына мониторинг жүргізді. Студенттердің жатақханаларда, қонақ үйлерде және хостелдердегі жағдайды көзбен көрді, деп хабарлайды Jastar janary порталы Алматы қаласы әкімдігі сайтына сілтеме жасап. Алматы қаласында 35 жоғары оқу орны бар, онда 197 мыңнан астам студент білім алады, оның 126 мыңнан астамы басқа қалалардан. Қалада 98 студенттік ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады
Құрметті отандастар! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады. Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа ...
Толығырақ »Қарт адамды кемсіткенде шыдай алмадым». Автобуста зейнеткерге араша түскен қыз марапатталды
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 15 жастағы Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарияға көмек көрсету кезіндегі мейірімділігі, батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті. Бұл туралы Jastar janary.kz тілшісі жазды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. «Сіз түсірген видеоны әлеуметтік желіден көрдім және көп алматылық сияқты бұл оқиға мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екіншіден, сіздің әрекетіңізге риза ...
Толығырақ »«Домыра харам ба?»: Домбыраға тіл тигізген жас қызды жұртшылық сынға алды
Жақында әлеуметтік желіде домбыра туралы теріс пікір білдірген жас қыз сын астында қалды. Сурет: https://adyrna.kz/ Тик-ток желісінде тікелей эфир кезінде бойжеткен: «Ақыретте біз иманымызбен сұраламыз. Ұлтшылдығымыз керек емес. Иман мен неке керек. Домбыраға 5 жыл қатыстым. Түрлі видеоларым да бар. Бірақ ол – харам. Себебі жүректі жаулайды» деді. Жас қыз ...
Толығырақ »