Басты бет » Жаңалықтар » «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИРК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИРК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II Халықаралық цирк өнер фестивалі аяқталды. Фестивальге әлемнің 18 елінен, оның ішінде Қытай, Ресей, Жапония, Қазақстан, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопиядан келген үздік артистер қатысты.

80 артист, халықаралық цирк фестивальдері мен байқауларының жеңімпаздары және жүлдегерлері жұртшылық пен халықаралық кәсіби қазылар алқасына цирк өнерінің түрлі жанрларында 25 нөмір ұсынды. Ағымдағы жылдың 28-ші шілдесінде Гала-шоу және «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

ГРАН ПРИ иегерлері «Үшінші дем» нөмірімен даршылар, жетекшісі Кристина Воробьёва атанды (Өзбекстан).

АЛТЫН жүлде иегері «Күнге қарау» нөмірімен ілмектегі әуе гимнасты Мария Терентьева атанды (Ресей).

АЛТЫН жүлде иегері «Duo Antresol» нөмірімен әуе сақинасы Светлана Михнюк, Алина Габбасова атанды (Ресей).

АЛТЫН жүлде иегері эквилибрист Вонг Мэнчэнь атанды (Қытай).

КҮМІС жүлде иегері «Жауында ұшу» нөмірімен жұптасқан әуе белдіктері Марина Стародубова, Даяна Жетпісова, жетекшісі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыров атанды (Алматы қаласы, Қазақстан).

КҮМІС жүлде иегері «Қара бүркіттер» нөмірімен икария ойындары атанды (Эфиопия).

КҮМІС жүлде иегері үйретілген иттер жетекшісі Евгений Комисаренко атанды (Ресей).

ҚОЛА жүлде иегері «Күш» нөмірімен белдіктегі әуе гимнасты Кимберли Дзаватта атанды (Италия).

ҚОЛА жүлде иегері «Жаңбырда ұсталған» нөмірімен жұптасқан әуе белдіктері Роман Кронжко, Ангелина Прохорова атанды (Украина).

ҚОЛА жүлде иегері трапециядағы әуе гимнасты Жоан Годиньо атанды (Португалия).

АРНАЙЫ ЖҮЛДЕЛЕР (сыйлықтар) мен ШАҚЫРТУЛАРДЫ келесі артистер алды:

Алматы қаласы әкімдігінің арнайы сыйлығымен сайқымазақ Дэвис Вассалло марапатталды (Италия).

«Вернадский даңғылындағы Үлкен Мәскеу мемлекеттік циркінің» арнайы сыйлығымен (Ресей) – Кристина Ермолинская «Мен жоқ жер» нөмірімен трапециядағы әуе гимнасты марапатталды (Ресей).

Италиядағы Халықаралық цирк өнер фестиваліне шақыртуымен (Италия) – «Жауында ұшу» нөмірімен жұптасқан әуе белдіктері Марина Стародубова, Даяна Жетпісова, жетекшісі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыров марапатталды (Алматы қаласы, Қазақстан).

Қытай ұлттық акробатикалық труппасының (Қытай) арнайы сыйлығымен – «UNIQUM» акробатикалық төрттік жетекшісі Даниил Леонтьев, жаттықтырушы Виталий Шульга марапатталды (Ресей).

Қытай ұлттық акробатикалық труппасының (Қытай) арнайы сыйлығымен – «Жаңбырда ұсталған» нөмірімен жұптасқан әуе белдіктері Роман Кронжко, Ангелина Прохорова марапатталды (Украина).

Қытай ұлттық акробатикалық труппасының (Қытай) арнайы сыйлығымен – «Virtuoso нөмірімен жонглёрлер, жетекшісі Нұрым Күленбаев марапатталды, (Астана қаласы, Қазақстан).

Сен-Пол-ле-Дакс қаласындағы Халықаралық цирк фестивалінің Президентінің арнайы сыйлығымен (Франция) – «Әннің дүниеге келуі» нөмірімен әуе гимнасты Анастасия Коваленко марапатталды (Беларусь).

«Armoni Organizasyon» Бас директорының арнайы сыйлығымен (Түркия) – «Жауында ұшу» нөмірімен жұптасқан әуе белдіктері Марина Стародубова, Даяна Жетпісова, жетекшісі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыров марапатталды (Алматы қаласы, Қазақстан).

«Armoni Organizasyon» Бас директорының арнайы сыйлығымен (Түркия) – «Үшінші дем» нөмірімен даршылар, жетекшісі Кристина Воробьёва марапатталды (Өзбекстан).

Париж қаласы Cirque d’Hiver Bouglione арнайы сыйлығымен (Франция) – Үйретілген мысықтар, жетекшісі Асель Саралаева марапатталды (Ресей).

 Ресей мемлекеттік цирк компаниясының арнайы сыйлығымен (Ресей) – «Тағдыр күші» әуе гимнасты Мастона Собирзода марапатталды (Тәжікстан).

Цирк өнері қайраткерлері одағының арнайы сыйлығымен (Ресей) – «Аят» тобы діңгектегі акробаттар, жетекшісі Фархат Толоков марапатталды (Қырғызстан).

«Без границ» Халықаралық цирк өнері фестиваліне шақыртуымен (Санкт-Петербург қаласы, РФ) – «Үшінші дем» нөмірімен Даршылар, жетекшісі Кристина Воробьёва марапатталды (Өзбекстан).

«Принцесса цирка» Халықаралық цирк өнері фестиваліне шақыртуымен (Саратов қаласы, РФ) – «Duo Antresol» әуе сақинасы Светлана Михнюк, Алина Габбасова марапатталды (Ресей).

«Тәжік мемлекеттік циркінің» арнайы сыйлығымен – Штейн-трапе Хоанг Ан, Фыонг Донг марапатталды (Вьетнам).

«Тәжік мемлекеттік циркінің» арнайы сыйлығымен – «UNIQUM» акробатикалық төрттік жетекшісі Даниил Леонтьев, жаттықтырушы Виталий Шульга марапатталды (Ресей).

«Тәжік мемлекеттік циркінің» арнайы сыйлығымен – Никол Николс қатты тартылған сымдағы акробат марапатталды (Испания).

«MegaArt» және «JNT» продюсерлік компаниясының арнайы сыйлығымен (Грузия) – «Жауында ұшу» нөмірімен жұптасқан әуе белдіктері Марина Стародубова, Даяна Жетпісова, жетекшісі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыров марапатталды (Алматы қаласы, Қазақстан).

«Астаналық циркінің» (Астана қаласы, Қазақстан) арнайы жүлдесімен – Штейн-трапе Хоанг Ан, Фыонг Донг марапатталды (Вьетнам).

«Астаналық циркінің» (Астана қаласы, Қазақстан) арнайы жүлдесімен – Белдіктегі әуе гимнастшысы Ючан Изука марапатталды (Жапония).

«Қазақ мемлекеттік циркінің» ардагерлерінің арнайы сыйлығымен – Кристина Воробьёва «Үшінші дем» даршылардың жетекшісі марапатталды (Өзбекстан).

«Қазақ мемлекеттік циркінің» арнайы сыйлығымен – «Қазақ мемлекеттік циркінің» балеті марапатталады.

Әуені бағындыра білген акробаттар, жан-жануарлардың тілін тауып, оларды би билеуге үйреткен бапкерлер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар, күллі әлемге қазақ елін танытып жүрген цирк әртістерін табасыздар.

Алматының төрінде 18 елден қатысқан өнерпаздар кәсіби шеберліктері һәм тума таланттарымен өнер сүйер қауымды тамсандырды. Қателесуді кешірмейтін өнердің дара түрі цирк майталмандарының тағдыры десек те болғандай. Қаупі мен қатері мол өнер жолындағы жанкешті еңбекті кез келген өнерсүйер қауым жоғары бағалайды. Фестиваль еліміздің мәдени иммиджінің қалыптасуына зор ықпал еткені анық.

«ALMATY CIRCUS FESTIVAL» жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен өтетін фестиваль бағдарламасы 2024 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.

Гүлім КӨПБАЙҚЫЗЫ