Басты бет » Жаңалықтар » Қырғызстанда ТМД волонтерлерінің халықаралық форумы өтуде

Қырғызстанда ТМД волонтерлерінің халықаралық форумы өтуде

Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысында ТМД мемлекеттер волонтерлерінің Халықаралық форумы өтіп жатыр, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Шолпан-Ата қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстаннан 120-дан астам қатысушы жиналды.

«Бұл – ТМД елдерінің волонтерлік ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған волонтерлік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасуға арналған бірегей алаң», – деп атап өтті ҚР волонтерлерінің Ұлттық фронт-кеңсесі басшысы Айбек Досымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен «2024 жыл – волонтерлер қозғалысы жылы» болып жарияланды. Бір жыл ішінде аталған елдерде жүзден астам акция, кездесу, конференция, зерттеу және т. б. іс-шаралар жоспарланған.