Басты бет » Жаңалықтар » Меруерт ЕРЖАНҚЫЗЫ, косметолог: Жаз мезгілінде бет терісін күту аса маңызды

Меруерт ЕРЖАНҚЫЗЫ, косметолог: Жаз мезгілінде бет терісін күту аса маңызды

Жаз мезгілінде бет терісінде әртүрлі өзгерістер болады. Өзгеріске алып келетін ең басты себептердің бірі ауа райы, күнделікті ішіп-жейтін тағамдарымыз. Сонымен қатар жаз мезгілінде бет қатты құрғайтындықтан бет терісін ылғалдандыру мен күннен қорғайтын майларды қолдану керек. Сатып алған косметикаңыздың қүрамын жақсылап тексеріп, бет теріңізге байланысты мамандармен кеңесіп алған дұрыс.

Бет терісін қалай күту керектігін, косметиканы қалай дұрыс таңдау керектігін бес жыл тәжірибесі бар косметолог маманы Меруерт Ержанқызынан сұрадық.

Алдымен әңгімені косметология саласына келуіңізден бастасақ…

– Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина универсиетінің түлегімін. 9 жыл білім алдым, ең әуелі интература терапия бойынша білім алып, содан кейін екі жыл дерматология және минерология саласын оқыдым. Косметология саласында жүргеніме 5 жыл болды.

 – Жаз мезгілінде бет терісін қалай қорғау керек?

– Бет көбінесе жаз мезгілінде құрғайтындықтан гиалуронды кислота және қара дақтар көбейіп кетпеу үшін витамин С және әртүрлі ылғалдандыратын маскаларды жаз мезгілінде көбірек қолданған дұрыс. Сонымен қоса, күннен қорғайтын СПФ майларын міндетті түрде қолдау керек.

– Ал ауыл-аймақта тұратын қыз-келіншектерге үй жағдайында қалай бетті күтуге болады?

– Ондай кезде үй жағдайында күтім жасауға болады. Ең алдымен мицеллярлы суды қолдану керек, гидрофильді маймен бетімізге Д макияжын жасап, содан кейін бетімізді бетті жууға арналған заттармен жуып аламыз. Бетімізді жуып болғаннан кейін, бетіміздің PH-ын қалпына келтіру үшін тониктерді қолданамыз, оны қолданып біткеннен кейін сарысу мен спф майын қолданады. Осындай профессионалды түрде бет күтіміне арналған заттарды көбінесе Angiopharm, Bioderma, La Roche-Posay брендтерін дәріханалардан алуға болады, себебі олар дермотокосметика болып саналады.

Бетке күтімді неше жастан бастау керек?

– Бет терісін қөбінесе жасөспірім балаларда проблема басталғанда кезде, 10-12 жаста бет терісіне әртүрлі безеулер шыға бастайды. Сол уақыттан бастап бетке күтім жасап бастау керек. Немесе туылған бойда кейбір балаларда атапиялық дерматит болуы мүмкін сол үшін оларға туылысымен баланың бет терісіне күтім жасау керек.

– Бет терісі әдемі әрі жас көріну үшін қандай витаминдер қабылдау керек? Косметолог маманына қыз-келіншектер жылына неше рет барған дұрыс?

– Нақты осындай уақыт аралығанда келу керек деген қағида жоқ, қыз-келіншектер қашан өз беттерінде құрғақтық сезе бастаса, бет терісінде әртүрлі қара дақтар, ұсақ әжімдер болса, оның алдын алу мақсатында келуге болады. Сондықтан да әжім түскен кезде емес, әжім түсер алдында косметолог маманына келген абзал.

– Косметолог маманды қалай дұрыс таңдаған дұрыс, қазір көп жағдайда косметологияны бизнеске айналдырып алған, соның салдарынан әлеуметтік желілерде косметологияның құрбандары көп кездесіп жатыр?

– Косметолог маманды дұрыс таңдау өте маңызды, косметологияда әртүрлі препораттық дәрілер салынады сондықтан кейбір науқастарда анафилактикалық шок болады, әртүрлі дәріге аллергия беруі мүмкін. Сондықтан осы саланы зерттеген, беттің анатомиясын білетін, бет терісіне ешқандай зиян келтірмейтін дәрігер маманын таңдаған дұрыс.

 – Әдеміліктің құпиясы неде деп ойлайсыз?

– Әдеміліктің құпиясы біздің жанымыз да, тәніміз де екеуі бірге үйлессе, сол әдеміліктің құпиясы деп ойлаймын.

 – Ал бет терісі әдемі болуына тамақтану қаншалықты әсер етеді?

– Әрине, әсер етеді. Қазір көптеген адамдар фаст-фуд, газдалған сусындар, тез дайын болатын тағамдарды, әртүрлі энергетикалық сусындарды тұтынады. Оның барлығы біздің организмге де, бет терісіне де кері әсерін тигізеді.

– Неге әр косметологтың процедуларының бағасы әртүрлі, сіздерде ең арзан процедура қанша?

– Иә, әрине әр косметологтың бағасы әртүрлі, 9 жыл оқып дамыған, тек курс оқып қана қоймай, өмірін осы косметология саласына арнаған адамның жұмысының бағасы қымбат болады. Ондай жоғары білімі бар адамға еш қорықпай, сенімді болып бара аласыз. Ол маман сізге залалсызданған құралдарды қолданады.

Өз басым әртүрлі косметологтарды кездестіргенмін тек курс оқыған, дәрігер емес, олар білмейді залалсызданбаған құралдар арқылы әртүрлі аурулардың жұқтыратынын. Гепатит С, гепатит Б, ВИЧ аурулары осы дұрыс залалсызданбаған құрал-жабдықтар арқылы жұғады. Сондықтан косметолог маманын таңдаған кезде осы заттарға да мән беру керек.

Және де көп косметологтар, арзан сертификатталмаған препараттармен жұмыс жасағандықтан, науқастар осы жағдайлардан кері әсер алып жатады.

Қолданатын препараттар сертификатталған ба, жарамдылық мерзімі қандай, ол бір адамға қолданып, екінші адамға қолданылып жатырған жоқ па соның барлығына мән беру керек. Мына косметолог бағасы арзан, мына косметологта баға қымба екен демей, сапаға мән берілсе екен деймін.

Косметолог болу үшін диплом қажет пе әлде курс оқыған жеткілікті ме қалай ойлайсыз?

– Мен өзімді жай ғана косметолог деп санамаймын, мен – дермотолог, дермотовенеролог, дермотокосметологпын. Мен тек қана екпе салып, қыздарды әдемі қылмаймын. Мен тері ауруларын емдейтін, жылдар бойы, он жылдап, жиырма жылдап экзема, псориаз, атапиялық дерматит ауруларымен, ем таппай келген науқастармен, таза теріге жеткісі келетіндермен жұмыс жасаймын. Мен тек Қазақстандағы мықты дермотологтардан білім алумен ғана шектелмей, Ресейде Мәскеу қаласынан тері ауруларын емдейтін мықты дермотолгтардан сабақ алып жүрмін.

 – Бетке қалай күтім жасап, қандай косметика қолданған дұрыс?

– Мен өзім дерматолог болғаннан кейін, көбінесе дермотокосметикамен, яғни тек қана тері ауруларына арналған дәріханаларда сататын брендті косметикалармен жұмыс жасаймыз.

 Перизат САПАРОВА