Басты бет » Жаңалықтар » «Төрелік әділ болғанын қалаймыз»: Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне байланысты шағым түсірді

«Төрелік әділ болғанын қалаймыз»: Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне байланысты шағым түсірді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасында 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді.

 

Фото: el.kz

«Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз. Алайда біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», – деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.

@qazsporttv