Бүгін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Осы орайда Kaktakto Мемлекет басшысы туралы мынадай деректер ұсынған: Қасым-Жомарт Тоқаев зиялылар отбасында дүниеге келген. Әкесі — Кемел Тоқаев – Қазақстандағы детективтік жанрдың негізін қалаған, белгілі қазақ жазушысы. «II- дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені» және қос «Батылдығы үшін» медалін өңіріне таққан майдангер. Анасы – Шабарбаева Тұрар – педагогикалық жоғары оқу орнының оқытушысы, халықаралық-лингвист. ...
Толығырақ »Архив блога
«JAS GALA» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АЛМАТЫДА «JAS GALA» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ҚҚ ұйымдастырған Алматы қаласының шығармашыл жастары арасындағы «Жас Гала» фестивалі өз мәресіне жетті. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қалалық студенттік көктем фестиваль жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Фестиваль Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын қосты. Бір айдан аса уақыт аралығында студенттер вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау ...
Толығырақ »Ұлттық музейде «Музей түні» өтеді
18 мамырда сағат 18:00-00:00 аралығында Астана қаласындағы Ұлттық музейде халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» өтеді. Аталған акциясы аясында «Музей – құндылықтар мекені» атты мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Мақсаты – рухани-мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін бір кеңістікке біріктіре отырып, әртүрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларын ұсыну. Музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау. 18 мамыр таңғы сағат 10:00-нан бастап «Балдырған ...
Толығырақ »Алматыда – «Музей түні»
Мемлекеттік Орталық музейі 2024 жылдың 17 мамыры күні сағат 18.00 — 23.00 аралығында Халықаралық музейлер күніне арнап «МУЗЕЙ ТҮНІ-2024» акциясын өткізеді. Шара музейдің білім саласында алар орнын, өскелең ұрпақты тарих пен дәстүрді дәріптеу арқылы тәрбиелеу және ұлттық мәдениетті насихаттаудағы музейдің өлшеусіз үлесін айқындау үшін «БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДЕГІ МУЗЕЙЛЕР» тақырыбында өтпек. Таңдалып алынған тақырып музейдің негізгі қызметінен бөлек тәрбие және ...
Толығырақ »Отбасы құндылығы — сыйластықта
Қызығы мен қиындығы қатар жүретін полиция қызметінде өзі де, жұбайы да осы салада бірге еңбек етіп жүрген ерлі-зайыптылар бар. Сондай табанды және қажырлы мінезге бай, адами қасиеттерді басты құндылық деп бағалайтын Құрманалиевтер отбасы көпке үлгі боларлықтай. Аида Құрманалиева — Абай Пб Жергілікті полиция қызметі тобының инспекторы лауазымында еңбек етуде. Бүгінде полиция аға лейтенанты. Жары — Талғат Құрманалиев әділет подполковнигі. Батыс ...
Толығырақ »Велотректен Ұлттық құрама Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Еліміздің атынан сынға түсетін спортшы кейрин және спринт жарысына қатыса алады. Қазір ел қоржынында 51 лицензия бар.
Толығырақ »Отбасы – бақыттың мекені
Бүгінгі Халықаралық отбасы күні мерекесі БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамыр күні бекітілді. Отбасы күні – еліміздегі әр шаңырақ үшін айрықша мереке. Орал қаласы Полиция басқармасында еселі еңбек етіп, еңбексүйгіш қасиеттерімен көзге түскен Масалимовтер отбасы бұл мерекенің қадір-қасиетін жақсы біледі. Себебі отбасы құндылығы сыйластықта екені белгілі. Масалимовтер отбасының мүшелері уақытпен санаспай, полиция қызметінің ыстық-суығына төзіп, серттеріне адал болып таңмен таласа қызметіне келіп, бірге кеш қайтып жүр. ...
Толығырақ »TikTok-қа шектеу қойыла ма?
Бүгінде адамзат баласының тұрмыс-тіршілігін интернет құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Оның ішінде әлеуметтік желілер қоғам өміріне дендеп енді. Мысалы, еліміз бойынша Instagram-ға – 12,1 млн, Facebook-қа – 2,6 млн, ал небәрі екі жылдың ішінде TikTok-қа – 14,1 млн азамат тіркелген. Олар әрбір жанның ажырамас бөлігіне айналды. Бұл – бүгінгі өмір шындығы! Десе де, таяқтың екі ұшы болатыны секілді, олардың пайдалы жақтарымен ...
Толығырақ »«Яндекс Такси», «Glovo» сияқты платформалар арқылы жұмыспен қамтылған адамдардың қызметін реттейтін, жеңілдететін заң қабылданды. Фото: https://kaztag.kz/ Ол қандай өзгерістер? Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, енді олар жалпы алғанда 4% көлеміндегі төлемдерін аударып жұмыс істей алады. Сәйкесінше, зейнетақы қорына 1%, әлеуметтік сақтандыру қорына 1%, МӘМС-ке 1% және бюджетке салық ретінде 1% төлейтін болады. Егер қаласа, өз зейнетақы шотына белгіленген 1% ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын! Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз. Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ ...
Толығырақ »