Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 40)

Архив блога

ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЕНГІЗУ ЖАЛҒАСУДА

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» оқу пәні екінші сыныптан бастап оқытылатын болады. Орыс тілінде оқытатын сыныптарда бірінші сынып оқушылары «Қазақ тілі» және «Букварь» пәндерін оқитын болады. «Шет тілі» оқу пәнін барлық бірінші сынып оқушылары үшінші сыныптан бастап оқиды. «Тілдерді ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГІ ҚЫМЫЗ БАЛМҰЗДАҒЫН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

№11-ші Түркістан колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша дәріс беретін педагог Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды. Жаңа жобаның мақсаты — ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отта дайындалады және  оның құрамы өзгермей, табиғи құндылығын сақтайды. «Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ ...

Толығырақ »

Қазақстандықтар небәрі 39 елге визасыз бара алады

Қазақстан төлқұжат күші бойынша елдер рейтингінде 97 елдің ішінде 53-орынға тұрақтады. Рейтингке БҰҰ-ға мүше 193 ел мен 6 аумақ қатысты (бірнеше мемлекет бір аумаққа орналастырылған), деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Finprom зерттеуінше, Қазақстанның индексі 91 болды (индекс неғұрлым жоғары болса, елдің төлқұжаты соғұрлым күшті болады). «Қазақстандық төлқұжаты бар азаматтар 39 елге визасыз бара алады, сондай-ақ тағы 52 елге барған кезде виза ...

Толығырақ »

Мамандық таңдау оңай ма?

Сурет: https://obuchim.com Заман талабы біздің таңдауымыздан биік болып жататын кездер болады. Таңдау деп отырғанымыз – «мамандық». Егер, еңбекті  нарыққа қарай талап етсе, демек, оны тиімді таңдай алу маңызды болмақ. Менің пайымдауымша, мамандықты  еңбек нарығына сай таңдау тиімсіз. Осы тұста ойшыл Абай: «Еңбек жоқ, қаракет жоқ, қазақ кедей», ‒ деп заманның талабын түсіндірді, егер Абай еңбекте үндейтұғын қағидаларды сақтай отырып таңдасақ, ...

Толығырақ »

«Аялаған Астана»: елорданың 25 жылдығына орай гала-концерт өтті

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ашық аспан астында ұйымдастырылған гала-концертте «Аялаған Астана» республикалық конкурсының бүгінге дейінгі жылдардағы қатысушылары өнер көрсетті. Аталған конкурс алғаш рет 2013 жылы басталған, 10 жылдан бері өнерпаздар қанатын қомдап ұшатын ыстық ұяға айналды. Байқауда 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар эстрадалық вокалдан бақ сынады. Іріктеу кезеңі аймақтарда болады, кейін финалда жеңімпаздар анықталады. «Аялаған Астананың» жеңімпаздарының қатарында Болат ...

Толығырақ »

Вейптің буы у ма?

«Qazaqstan» ұлттық  телеарнасы  «АПТА» бағдарламасында көтерілген өзекті мәселе туралы репортаждың жазбаша нұсқасын оқымандар назарына ұсынамыз. Елдос Есенбол Соңғы уақытта қоғамда вейп, электронды темекі мәселесі жиі көтеріліп жүр. Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда президент те қаупі туралы айтты. 2020 жылдан бері бұл тауарды тұтыну 300 есеге артқан екен. Үш жыл бұрын 21 мың данасы әкелінсе, биыл бұл сан 6 миллионнан асқан. Қазақстанда ...

Толығырақ »

200 домбырашы күй шертті

Астанада 200 домбырашы бір уақытта күй шертті.  AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Ұлттық домбыра күніне орай «Dombyra Party» іс-шарасын ұйымдастырып, «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады. – Қазақ руханиятының ең берік қорғандарының бірі – домбыра. Ол туралы ғасырдан ғасырға созылған қаншама аңыздар бар. Ең бастысы, қазақ бар жерде қасиетті домбыра бар, – деді «AMANAT» партиясының хатшысы ...

Толығырақ »

Астанада жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйға тартылды

Бүгін елордалық Ассамблея өкілдері № 1, №2 және №3 Көпбейінді қалалық ауруханаларына арнайы барып, жаңа босанған аналарды сәбилердің дүниеге келуімен және Ұлттық домбыра күнімен құттықтап қайтты. Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамлеясы Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әділхайыр Мырзаханов жылы лебіздерін білдіріп, қаланың әр перзентханасында 2 шілде күні алғашқы болып туған үш ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қазақ елін Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады «Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Толығырақ »

Елордада ең ауқымды Kitap Fest кітап фестивалі өтеді

«Kitap fest» кітап фестивалі – Қазақстанда 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан ең ірі мәдени-бұқаралық іс-шара. 9 жыл ішінде ол шығармашылық жазушылық кездесулердің беделді және қуатты алаңына, сондай-ақ отбасылық мерекеге айналды. Фестиваль өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 300-ден астам кітап таныстырылды. Кітап фестивалі қарапайым кітап алмасудан мәдени-ағартушылық іс-шараға айналып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды. Астана қаласында ...

Толығырақ »