16 желтоқсан 1986 жыл. Ол кезде Бибігүл 19 жаста болатын. Театр студиясында оқиды. «Қазақпын дегендерің сағат 4.00-де алаңға жиналыңдар» деген үндеу барын естіді. Бірақ көшеге шығуға бұларға тыйым салды. «Студенттерін жинап келмекке шыққан комендантқа жалынып, көмектесуге уәде беріп, шықтық-ау, әйтеуір. Пушкин кітапханасынан түсе бергенде жастардың әні естілді. «Менің Қазақстаным». «Көзімізде жас, танымайтын жастарға араласып кеттік. Әлдекім «қазақсың ба?» деп сұрады. ...
Толығырақ »Архив блога
Батыс Қазақстан облысының әкімі айтыс ақыны Жансая Мусинаны қабылдады
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында «Айтыстың ақтаңгері» атағына ие болған айтыс ақыны Жансая Мусинаны қабылдады. Өңір басшысы Жансая Ғалымжанқызын жеңісімен құттықтап, ұлттық құндылығымыз – айтыс өнерінің дамуына қосып жүрген үлесі үшін алғысын білдірді. «Ғасырдан-ғасырға жалғасып, халықтың рухани қазынасына айналған – айтыс өнерінің жандануы жолындағы Сіздің еңбегіңіз зор. Республикалық және халықаралық деңгейдегі айтыстарда ел мен ...
Толығырақ »Тәуелсіздік және тәуелсіздікке апарған қадамдар
Ол туралы дипломат Сайлау Батырша-ұлының еңбектерінен біле аласыз! Биыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне – 30 жыл. Ал еліміздің тәуелсіздік алуда кездескен кедергілер мен қиындықтар туралы, сол жолда белсенді қызмет атқарып, күрескен тұлғалар туралы қаншалықты жақсы білеміз? Сондай белгілі тұлғалардың бірі – Қазақстанның тәуелсіздік ел атануына өлшеусіз үлес қосқан белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қайраткер ...
Толығырақ »ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДЕ «КИЕЛІ КИМЕШЕК» КӨРМЕСІ ЖАЛҒАСУДА
6 желтоқсанда Астанадағы Ұлттық музейде ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, халықаралық ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмені «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Jastar janary kazmuseum.kz сайтына сілтеме жасап. Көрме аясында ұлттық нақыштағы киімдер түрінен дефиле көрсетіліп, ұлттық киімдердің ою-өрнегі, жас ерекшелігіне қарай қалай кию керектігі жайлы ...
Толығырақ »АБЫЛАЙХАН – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Күні кеше Тайланд елінде өткен Азия чемпионатында күміс жүлде алған қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіповне қатысты жаңа ақпарат шықты, деп хабарлайды Jastar janary. Спорт журналисі Аслан Қаженовтың Фейсбук парақшасында жазған мәліметінше, Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады. Ресми хабарламада Абылайхан ...
Толығырақ »Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды
Бүгіннен бастап Қазақстанның астанасы – Астананы еліміздің ең танымал курорттарының бірі – Бурабаймен байланыстыратын жаңа брендтелген пойыз салтанатты түрде іске қосылады, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жаңа туристік пойыз – Астана, Ақмола облысы әкімдіктерінің және «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлескен жобасы. Пойызға қазақстандық ЗИКСТО зауытында шығарылған вагондар кіреді, бұл жергілікті машина жасаудың жоғары деңгейін көрсетеді. Вагондар ...
Толығырақ »Перизат Қайраттың элиталық үйлері мен қымбат заттары тәркіленді
Волонтер Перизат Қайраттың элиталық үйлері мен қымбат заттары тәркіленді, деп хабарлайды Jastar janary порталы atamekenbusiness телеграм арнасына сілтеме жасап. Атап айтқанда оның Астана қаласындағы Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, Көк Жайлау (тұрақ орындарын қоса алғанда), Sensata Plaza ТК, Vela Village коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдеріне сот санкция салды. Перизат Қайраттың тұрғылықты ...
Толығырақ »Президент әскерге шақырылған азаматтарға Отан алдындағы борышын өтеуде сәттілік тіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласында орналасқан Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды. Бөлімнің ғимаратын аралап көрді. 1983 жылдан бері қолданыстағы нысан биыл күрделі жөндеуден өтіп, қазан айында аталған мекемеге берілген, деп хабарлады Jastar janary akorda.kz ресми порталына сілтеме жасап. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысына Smart-әскери комиссариат жобасы туралы баяндады. Жаңа бастамаға сәйкес азаматтар автоматты ...
Толығырақ »Жадыра ШАМҰРАТОВА. Тумаған немере (әңгіме)
Бала кәдімгі бала еді. Үлкендердің арасында не жағдай болып жатқанын анық білмесе де, әйтеуір, әкесі мен шешесінің кикілжіңінің соңы әдеттегіден ұзаққа созылғанын байқаған. Тоң-торыс қабақтың салқыны аядай пәтердің ішін де суытып жіберген. Үлкендер оның бала екенін, миы жетіліп үлгермегендіктен көп нәрсені онша түсіне бермейтінін ескермейтін. Ал оның түсінбегені көп. Ол тіпті папасының бұның мамасына не үшін ашуланып «талақ» деп айқайлағанын, ...
Толығырақ »«Таза Қазақстан»: ғарышкер Айдын Айымбетов оқушылармен кездесті
С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетовтің қатысуымен ерекше іс-шара өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Таза Қазақстан» экологиялық жобасын қолдау мақсатында, ғарышкер оқушылармен бірге мектепте гүл отырғызу рәсіміне қатысты. Бұл игі шара оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп қана қоймай, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға ынталандырды. Айдын Ақанұлы табиғатты сақтау – ғаламшарымызды ...
Толығырақ »