Сурет: https://kz.otyrar.kz/ Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында Президент білім алу үшін дұрыс жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеті екенін атап өтті. «Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. @qazaqstantv
Толығырақ »Архив блога
Президент ауылдарға Илон Масктың интернетін орнатуды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge-2022» халықаралық технологиялық форумында: «Цифрлық даму министрлігі ең шалғай жердегі ауылдарда SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелер желілерін қосу жөніндегі жұмысты жандандыруы тиіс. Халықтың 40%-ға жуығы ауылдық жерлерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады», – деді. t.me/atamekenbusiness_qaz
Толығырақ »Өмірден ләззат алыңыз!
Бір жас маман жоғары оқу орнын 22 жасында бітіріп, үш жыл жұмыс таба алмапты. Бір адам тек 50 жасында ғана директорлыққа қол жеткізсе де, 90 жыл өмір сүріпті. Біреу бар жоғы 25 жасында басшылық қызмет атқарып, 50 жасында өмірден озды. Біреуіміз жасымыз отыздан ассақ та өз жартымызды таба алмаудамыз. Ал бір адамда 26 жасында төрт баласы бар. Макрон 39 жасында ...
Толығырақ »«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» жобасы аясында 800 мың оқушы жаңа мектепке барады
Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің күн тәртібінде «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Мемлекеттік инвестиция есебінен бұл жоба арқылы 800 мың оқушыға орын қарастырылады. ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ▪️2026 жылға қарай қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салу; ▪️мектептерді салу кезінде құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандартын қолдануды қамтамасыз ету; ▪️оқушылар мен ...
Толығырақ »ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ABISH ALEMI» ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
Жақында Ақтау қаласының Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында қыркүйектің 20-23 жұлдызы аралығында ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ABISH ALEMI» ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ өтті. Халықаралық фестивальде онға жуық театрдан 250-ге жуық сахна шеберлері өнер көрсетті. Оның ішінде, Грузия елінен Месхети мемлекеттік кәсіби драма театры, Башқұртстан Республикасынан Туймазы мемлекеттік татар драма театры, Қырғызстаннан Жалал-Абад облыстық Барпы атындағы қырғыз драма театр ұжымдары мен Қазақстан ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті
Президент кездесу барысында жұмыс сапарының негізгі мақсаты облыстағы ахуалмен танысу екенін айтып, Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы деп атап өтті. – Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше ...
Толығырақ »«Қазақ» картасы» – шетелдегі қандастарымызды қолдау
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова этникалық қазақтарға берілетін Қазақ картасының артықшылықтарын түсіндірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, шетелдегі қандастардың тарихи отанымен байланысын нығайту үшін оларға Қазақ картасы беріледі. Бұл картаның иесі саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей болатын елге жеңілдетілген кіру құқығын (бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу) иеленеді. «Қандастарымыз ...
Толығырақ »Алматыда Stranger: Димаш Құдайбергеннің жаңа ауқымды шоуы оңтүстік астанада өтті
Мақала мен фотолар: https://dimashnews.com сайтынан алынды Кеше Алматыда әлемдік деңгейдегі шоу – Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті өтті. Керемет дыбыс, жарық, костюмдер, нөмірлердің қойылымы алғашқы секундтардан бастап көрермендерді баурап алды. Көптеген шақырылған әртістер мен авторлар, әртүрлі би топтары, арнайы түсірілген бейнеинсталляциялар әртүрлілікті қамтамасыз етіп, сонымен бірге шоудың бірыңғай тұжырымдамасын жасады. Алматы. Кеш. Орталық стадионға 25 мыңнан астам көрермен жиналды. ...
Толығырақ »«Аватар» — қазақша
«Аватар» фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасына жазды. — «Аватар» — қазақша. Достар, сіздермен керемет жаңалықты бөліскім келіп отыр. Осы жексенбіден бастап еліміздің кинотеатрларында кинематография тарихындағы ең жоғары кассалы және көрермендер тарапынан зор сүйіспеншілікке ие болған «Аватар» фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың ...
Толығырақ »Жыл соңына дейін 17 жатақхана салынбақ
Жыл соңына дейін 5 мың орындық 17 жатақхана салынады. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда 104 жоғары оқу орнында 209 жатақхана бар, онда 101 мыңнан астам студент тұрады. Сондай-ақ жоғары оқу орындары 14 309 орындық 100 жатақхана мен хостелді жалға алады. Бұл ретте жатақханаларға қосымша қажеттілік 87 мыңнан астам орынды ...
Толығырақ »