Басты бет » Жаңалықтар » International Physics Olympiad: 5 оқушы 5 алтын иеленді

International Physics Olympiad: 5 оқушы 5 алтын иеленді

Еліміздің оқушылары физика пәні бойынша ең беделді халықаралық олимпиада – International Physics Olympiad (IPhO) додасында ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 5 алтын алған алты елдің бірі атанды.
Бұл – оқушылардың көп жылғы еңбегінің, ата-аналардың қолдауының, ұстаздар мен жаттықтырушылардың шеберлігінің және дарынды балаларды жүйелі дайындаудың жемісі.
Жеңімпаздар:
Амирбек Азатбеков  – Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек  – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова  – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Роман Черемнов  – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Дамир Құрман  – Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.
Құраманың жетекшілері:
 Самат Максутов – құрама жетекшісі, PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
  Алишер Еркебаев – құрама жетекшісі, École Normale Supérieure университетінің 1-курс магистранты.
  Асқар Дәулетов – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Физика-техникалық факультетінің профессоры;
 Гүлия Нұрбақова – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент-зерттеуші, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Физика-техникалық факультетінің Теориялық және ядролық физика кафедрасының доцент-зерттеушісі.