Басты бет » Жаңалықтар » Еліткен энергетика сусыны

Еліткен энергетика сусыны

Елімізде жастар арасында энергетикалық сусындарға деген тәуелділік артқан. Бұл туралы 31 арна хабар таратты.Сурет: https://bilim-all.kz/

Зерттеу нәтижесінде 11 мен 15 жас арасындағы жасөспірімдердің 42 пайыздан астамы қуаттылықты арттыратын сусындарды таңдайды екен. Алайда, дәмі елітіп әкететін қуаттандырғыш сулар асқазан мен жүрек жұмысының бұзылуына әкеп соғады. Сонымен бірге жүйке жүйесіне де кері әсер етеді екен.
Энергетикалық сусындардың адам ағзасына кері әсері бар екені бұған дейін талай мәрте айтылған. Бірақ, жастар мен жасөспірімдер арасында оны пайдаланушылар қатары көбеймесе, азайған жоқ. Өткен жылғы Қазақстандағы ЮНИСЕФ зерттеуі бойынша 11 мен 15 жас аралығындағы балалардың 42,6 пайызы энергетикалық сусындарды ішетіні анықталған. Ал, құрамында пайдасынан зияны көп тәтті су жайында бүгінгі жастардың ойы әртүрлі.
Күн жылыса сусындардың саудасы да қызатынын жақсы білетін саудагерлер сұйық тауардың көлемін де ұлғайтатынын айтып отыр. Себебі аптап ыстықтан өзгелеріне қарағанда энергетикалық сусындарға аңсары ауып сатып алушылар қарасы көп екен.

СӘУЛЕ МАРАТҚЫЗЫ, сатушы:
– Именно энергетика алады. Көп 80 пайызға дейін. Энергетика өтеді. Қалғаны обычный сулар, соктар ғана. Күніне көп өтеді. 5 упаковка может 10 упаковкаға дейін. Ол күнге байланысты. Ыстық болса көп өтеді.
Энергетикалық сусындарды шамадан тыс пайдаланған адамдар түрлі ауруларға да ұшырайды. Мамандар ең әуелі адамның асқазаннан бастап жүректің де жұмысы бұзылатынын айтады.

АЙГҮЛ ҚОЖАХМЕТОВА, С.АСФЕНДИЯРОВ университеті нутрициолог кафедрасының доценті:
– Осындай сусындардың кері әсерін оның есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, жалпы тынығып ұйықтайтын уақытында ұйқысыздыққа шалдыққанын немесе өзінің мінез-құлқының байқамай өзгергенін де сезуі мүмкін. Жүрек жұмысына жүктеме түседі, бүйрек зәр шығару жүйесіне жүктеме түседі. Және бауырға жүктеме түседі.