Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 171)

Архив блога

Бизнес бастау оңай ма?

Кәсіпкер Дулат Тастекейдің «Өте маңызды» кітабынан Сурет: https://hyperhost.ua Кәсіпкерлер арасында: «Бизнесті, кәсібіңді ойла, сонда ақша өзі келеді», – деген жиі айтылатын сөз бар. Бұл – шын сөз, белгілі бір деңгейге жеткенше оның салмағы да бар. Кәсіп бастаған жүз адамның тоқсан тоғызы алғашында пайда табуды, көбірек ақша жинап алуды ойлайды. Бұл – жаман емес, қалыпты  нәрсе.  «Бизнесті  дамыту  үшін  жұмыс істеу ...

Толығырақ »

Ақ қардан аңдар мүсіндеген Ақниет

Жас суретші Асқаров Ақниет Батыс Қазақстан облысының орталығы — Орал қаласынан шалғай орналасқан Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылында тұрады. Қалдығайты жалпы орта білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушысы. Ақниет – өзі кішкентайынан еңбекқор боп өсті. Елгезек, үлкен-кішіні сыйлай біледі, мінезі жәйлі, жұғымды бала. Қолына түскен сым, жас шыбық, ермексаз болсын әйтеуір майыстырып, түйін түйіп бір дүние жасап шығаратын қасиеті бар ...

Толығырақ »

Ұялы телефондар адамның бір бөлшегіне айналатынын білдік пе?!

  Заман-ай! Осыдан 10-15 жыл бұрын байланыс құралы ретінде өмірімізге енген ұялы телефондар адамның бір бөлшегіне айналатынын білдік пе?! Әрине, жоқ. Ал, қазір ақпараттық-коммуникация технологияның негізгі таратушы құралына айналды. Содан ба, жастар телефонмен берік достық байланыс орнатты. Кеше ғана «селфи» сөзіне таңданып жүрсек, енді «фаббинг» деген құбылыс еніп келеді. Фаббинг – бұл күнделікті туған-туыс, достармен немесе әріптестермен бетпе-бет сөйлесіп тұрып, ...

Толығырақ »

Жастар және ғаламтор

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған сөзінде: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», — деген болатын. Бүгінгі тақырыбымыз – мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономика, ғылым мен білімнің дамуына, жеке адам мен қоғамның, әсіресе жастардың ...

Толығырақ »

Қадыр Мырза-Әлі: Жұбан батыр болуға тиіс азамат еді, батырлық істеді

Қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің өліміне байланысты да түрлі пікірлер бар. Ақынмен қызметтес болып, бір заманда өмір сүрген Қадыр Мырза-Әлі «Иірім» естелік кітабында Жұбанның өліміне байланысты: «…Дәлірек айтсам, өлгеніне емес, өліміне сенбеймін! Оның ауруы аяқ асты өле салатын ауру болмайтын. Оның халық үшін өмір сүруі керек болғанмен, қоғам үшін, қарғыс атқан қоғам үшін өлуі керек болды ғой деймін. ...

Толығырақ »

Елордада жастар практикасына мыңға жуық адамды жіберу жоспарлануда

«Жастар практикасы» бағдарламасы соңғы үш жыл ішінде оқуды аяқтаған және 29 жастан аспаған ЖОО мен колледж түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 2021 жылы «Жастар практикасымен» оқу орындарының 914 түлегі қамтылды, оның ішінде ЖОО түлектері – 750, колледж түлектері – 164. Биыл 29 жасқа дейінгі 998 жасты аталмыш практикаға жіберу жоспарланып отыр. «Жастар практикасына» қатысу мәселелері ...

Толығырақ »

Құмар ойындар тығырыққа тірейді

Адамның санаулы ғана ғұмырында көптеп кездесетін, алдыңды жиі орап, сананы еліктіріп өзіне тартатын нәрсенің бірі – құмар ойындары десек қателеспейміз. Адам баласының көп жағдайларда құмар ойындарына құмарта отырып, өзінің күнәлі істерге жол беріп алатынын ескере бермейді. Әрине, бұл өкінішті! Құмар ойындары дос-жаран мен туған-туыстың арасына да іріткі салатын нәрсе. Ақшаның елесі оған еліткен жанды адастырып, көзін тұмандатып, жақын-жұрағаттарын ұмыттыратындығы сөзсіз. ...

Толығырақ »

Бананның адам ағзасы үшін 22 пайдасы

1. Банан депрессиямен күресуде көмектеседі. Оның құрамында триптофана заты бар. Бұл триптофаннан қуаныш гормоны серотонин синтезделеді. Сондықтан бір банан жеп көңіл күйді айтарлықтай жақсартуға болады. 2. Банан әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс. Тіпті жас нәрестелерде де банан ешқандай гиперсезімталдық яғни аллергия көріністерін бермейді. 3. Сүйектерді қатайтады. Банан арқасында ағзадағы кальций жиналып тұрады. Қалыпты жағдайда ағзадан кальций сынды пайдалы минералдар ...

Толығырақ »

Төрегелді ШАРМАНОВ: «Әкем мені бетімнен қақпай, еркін өсіргенімен, орынсыз еркелікке жібермей өсірді»

Төрегелді  Шарманов, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының президенті:  Мен кішкентайымнан ата-анамның сөзін тыңдайтын, жақсы оқитын, елгезек бала болдым, қарындасым қайтыс болғаннан кейін өзімді ата-анамның жалғыз қолғабысы сезіндім. Әкем мені бетімнен қақпай, еркін өсіргенімен, орынсыз еркелікке жібермей, дұрыс адам болсын деп тәрбие беруден жаңылмайтын. Мектепті үздік бітіргеннен кейін менің Алматыға оқуға баратын талабымды әкем қолдап, ауылдағы туыстары жиналып келіп, ...

Толығырақ »

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ҰЛЫ БАҚЫТЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН

Әкем бір күні мен бөлмесіне шақырып алып, қарсысындағы креслоға отырғызды да: – Сен қаланың тас кеудесінде өстің, сондықтан сенің тамырың әлсіз. Сен туғанда мен соғыста едім, шинелімнің етегі қанға малшынып, лаулаған оттың түтіні сіңген еді. Сені өзіммен бірге оқтың астына әкете алмадым, өзімнің әкелік парызымды өтеу үшін, саған келе алмадым. Қиырдағы жат жерде жүріп, саған әкелік мейірімді, әке тәрбиесін бере ...

Толығырақ »