Қазақстанда соңғы 10 жылда тіркелген неке саны 36 мыңға азайған.
Ұлттық статитиска бюросының мәліметінше, 2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген некелер саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін кеміген.
Өңірлер арасында некелесушілердің ең жоғары көрсеткіші – Астанада, ең төменгісі – Ақмола мен Абай облыстарында.
Неке санының төмендеу факторларының бірі — некеге тұрған халықтың жас құрылымының ерекшелігімен байланысты, дейді Ұлттық статистика бюросы.
Елімізде ерлер үшін некеге тұрудың орташа жасы (алғашқы неке) 28 жас, әйелдер үшін — 25,2 жас.
@qazaqstantv