Басты бет » Руханият » Мың жылдық дастан

Мың жылдық дастан

%d0%bc%d0%b5%d0%b9%d1%80%d1%85%d0%b0%d0%bd

Анна Ганс
Аударма мен өлең
Дастан Сейілханұлына арналады

Мың жылдық мүсіндерге,
Өзгелердей таң болман.
(Сыған қыздың əні)

Дастандарға сенбейтін,
Жандар қанша ғаламда.
Қиялымды тербейтін,
Асау жүрек аман ба?!
Қараша қамын ойлар,
Ақпарат атты майданда.
Шындық түбіне бойлар,
Қарамай қарау жандарға.
Талайға күнде болған-ау,
Дастанға талай бергісіз.
Елдің ұлы елге қорған-ау,
Жақсылығы қанша белгісіз…


Мың жылдық дастан

Анна Ганс ізімен
Арнау Дастан Сейілханұлына арналады

Өзгеден артық, кем де емес,
Атақтан да, сірə, кенде емес.
Ақылмен басып адымдар неше,
Бағындырды рас сан белес.
Ел жүгін артып ер деп нешеме,
Алыстап кетті көңіл көш көне.
Жарық шам секілді болмысы,
Жарық боп шашылған көшеге.
Сан тағдыр айтар алғысын,
Жүректің орындап жарғысын.
Кезігер болсам кенет көше де.
Мың жылдық дастан жазылар,
Адамдық жайлы сан мың ол аян.
Талай көңіл кенінен жыр да қазылар,
Ердің ісін етіп еліне етіп жүз баян.
Таңдай қақпан мүсіндерге мың жылдық,
Таңданса да бір сəтте-ақ жеті құрлық.
Мен тек парасатты жандар таңдандырып,
Жүр түлетер əз жүрегімнен бір тұнық.

 

Артур

Зейнеб Расулқызы

%d0%b0%d1%80%d1%82%d1%83%d1%80

Аударма Артур Мағзомовқа арналады

Ағалап келем,
Тоқтамай кемем.
Жүректен төгіп,
Ғазал жыр кілең.
Ағалап келем,
Жеткенше өрем.
Жылғамын мен,
Ал, сіз- Ніл өзен.
Толқындар,
Ту ет деп арды,
Соққылар жарды.
Толқындар,
Суға жазар жазуды,
Сылдырмен наз үнді.
Ағалап келем,
Тоқтамай кемем.
Жүрегіме қорған,
Ағам мен өлең.

Аударма мен өлеңдердің авторы Мейірхан Топанбай

Пікір жазу