АР ШЫҢЫ

%d0%b0%d1%80%d1%88%d1%8b%d0%bd

Аудармалар Аршын Кемелжанға арналады

 

Ар шыңын,
Бар шыным,
Көрмегем,
Мен бұрын.
Жан сырым,
Жалқымын,
Бір мұңмен,
Өлшенген,
Бар құным.
Үндерден,
Нұр сезгем.
Үндерден,
Күн көргем.
Мен білмен,
Күй керуен,
Жүректен,
Жыр төккен.
Ар шыңын,
Бар шыным,
Бар мұңым,
Тілеймін түн,
Мəңгі қалғуын.
Танытпай мінез,
Кейде адуын.
Алтын боп жез,
Көрдім қалуын.

 

АР ШЫҢЫ

Ар шыңы – арлы жан,
Ақылы кемел жан.
Толқыған теңіздей,
бойында асау қан.
Жаңғырық секілді,
Бір дауыс естілді.
Қиялдың өр көгін,
Жақұт жыр тілді.
Жаңғырық дауыс,
Емес-ау ол таныс.
Арлы жан анық,
Ел үшін етер іс.
Ар шыңын көру,
Арлы деп білу,
Жүректің ісі тек,
Пейілмен түзу.
Ар шыңы – адам,
Ол – Аршын ағам.
Үнімен жаңғырар,
Көңіл атты ғалам.

Брайльдан аударған: Аяулым Байдəулет

 

АР ШЫҢЫ

Шехризаттан аударма

Ардың шыңын,
Аласартып бүгін.
Жұлып жүрміз,
үміттің əз гүлін.
Қара тастан қатты,
Жанымыз бар тəтті.
Біреуге тілемейміз,
Неліктен біз бақты…
Ар шыңы қайда?!
Нұр құяр бойға,
Жақсы жан іздеп,
Шығамын жолға.
Ар шыңын іздеп,
Жұлқынды жүрек.
Арлы жан қайда,
Барма бір дерек?.
Бар дейді білген,
Жоқ дейді көрген.
Ар шыңын аңсап,
Қоштастым күнмен,
Қауыштым түнмен…
Көре алдым кенет,
Көрген жүрек көз ед.
Жақты талдырған,
Енді ұзақ сөз бітед.
Таптым …

 

               Мейірхан Топанбай

                  Баку – Шымкент. 26.12.16 жыл

Пікір жазу