Тарихта алғаш рет 26 жасар қазақ баласы Санжар Тайжан Ұлыбританияның Корольдік ғылыми комиссия мүшесі атанды.
Комиссия өз қызметі тарихында әлемге Нобель сыйлығының 15 иегерін сыйлаған көрінеді.
Бұл туралы Санжар Мұхтарұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ұлыбританияның Корольдік комиссиясының мүшесі болу және марапатын алу мен үшін үлкен мәртебе. Комиссияның қазіргі басшысы Жоғары Корольдік Мәртебелі Анна ханшайым. Комиссия өзінің қызметі тарихында әлемге Нобель сыйлығының 15 иегерін сыйлаған, — дейді Санжар.
Санжар сондай-ақ Global Talent Visa-сына ие болды.