Басты бет » Жаңалықтар » «Алланың өз есебі бар». Ерке Есмахан ажырасу туралы айтты

«Алланың өз есебі бар». Ерке Есмахан ажырасу туралы айтты

Әнші Ерке Есмахан ажырасуға қатысты пікір білдірді. 

Иә, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз темамды айта кетейін. Қарап тұрсаңыздар, біздің жас аралығымызға көбі тиіседі. Мысалыға, жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі, жас жұптар мәңгі бақи бірге болады, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде куә боп жүрсіздер неше түрлі тағдырға. Бұл дегенім — қыздар жас жігітке күйеуге шығыңдар деген де емес. Просто бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес дегім келеді. Жүректің тыныштығын, сыйластықты, құрметті, түсіністікті, іңкәрлікті ұштастыру оңай емес. Ал махаббат дегеніміз — екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы деген екен. Барлығы екі адамға байланысты. Жанұя болу — үлкен еңбек, — деп жазды әнші.