Елімізде 30 қыркүйек пен 21 қазан аралығында санитарлық-экологиялық айлық басталды.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Осы мақсатта Орал қаласының жастары қала аумағын күтіп ұстау мақсатында дәстүрлі экологиялық акция ұйымдастырды. Тазалық шарасына студент жастар қатысып, белсенділік танытты.
Жалпықалалық сенбілік келесі 21 қазанға дейін жалғасады.