Басты бет » Руханият » Даланың аңғал ұланы

Даланың аңғал ұланы

(Сафура Галиева)

%d1%88%d0%b5%d1%80%d1%85%d0%b0%d0%bd

Аудармамды Шерхан Абделиевке арнаймын.

Жапырақ сыр айтты,
Жыр жаздым күзде.
Жас шөп қуантты,
Бөледі ғажап күйге.
Даланың ұланын,
Камера сүйеді.
Даланың қыранын,
Өр таулар біледі.
Жанарда жан сыры,
Төгіліп тұратын аңғал.
Тым биік оның ар туы,
сөзінен өзің де аңғар.
Даланың баласын адал,
көрермен аңсар, қалар.
Жанары сөйлеген жандар,
Эфирде өзінше із салар.

Үнде сыр бар,
Адамдарға ақпейіл.
Үнде нұр бар,
Жүрегіме жыр құйыл.
Үнде күй бар,
Жүректегі сыңғыр.
Мен таныдым,
Жеткенше танымым.
Ағатай аңдадым,
Өзгешелеу адымың.
Адымдап ар үшін,
Биіктеп келесіз.
Ақ пейіл ел үшін,
Терді сан төгесіз.
Əйтеуір эфирді,
Жүрекпен сүйесіз.
Дос етіп эфирді,
Жабырқап, күлесіз.
Сіз- эфир сүйген жүрекке иесіз!!!
Эфирдің заңы бар,
Қинайтын кейде анық.
Эфирдің жазы бар,
Камерадан түссе жарық.
Адымда, адымда,
Үмітің жетектеп самғатар.
Адымда, адымда,
Арай таңдарды жалғатар.
Мейіржанның ізі болар,
Дара жүрек оғланым.
Тазалық — камера қалар,
Тазалығыңнан танбағын.
Жырымды текке жазбадым,
Адастырмапты арман таңдауың.

***
Бір тамшы сезім,
Жүректі аға дегізді.
Бір тамшы сезім,
Сынады мендік төзімді.
Камералардың алдында,
Нұр төгіп жұртқа жалында!!!
Жалындап жастық шағыңда,
Эфирден түспе,
Эфирге деген махаббаттан,
Өміріңізбенен біте астасқан, арылма!!!
Көкірек көзім сөйледі,
Тіл болып адал жаныма.
Көкірек көзім сөйледі,
Үміт жыр түсіп ойыма,
Қатесі болса жырымның,
Ағатай, айыпқа бұйырма.

 

Бір тамшы сезім

(Фериде Аслан ізімен)

Нұрсұлтан  Əбдірашитке

Үнде сыр бар дейді,
Жазылмаған дастандай.
Үнде сыр бар дейді,
Жанға жайлы мақпалдай.
                                 

                                            Мейірхан Мейрамбекұлы

Пікір жазу