Басты бет » Руханият » Жүрегімнің сөзі

Жүрегімнің сөзі

 

%d0%bc%d0%b5%d1%80%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d0%b0%d0%bd

Əңгіме

Жалғасы

Кеше: Немістерде бір мақалы бар. «Көңілді зынданға сала алмассың» деген. Рас. Көңілдің өз көзі бар. Көңіл көзі – тек өзі қалағанды ғана көреді. Настя да солай. Бүгін таңнан бері əжесінің етегіне оратылып, қасынан екі елі қалар емес. Əжесін көршілер қонаққа шақырған. Онда немересін арқалай барғаны ұят. Күндіз түсте бір мезгіл ұйықтаушы еді. Бүгін ұйықтаса, бір сəтке кіріп шықпақ-тын. Көргенді жандардың көзі сөйлейді, көзі сөйлемесе, өзі сөйлейді дегеннің растығына Эфтелия əжейдің көзі анық жеткен. Көршілердің пейілі мен адамдығына əркез разы болып келеді. Осы Настяның хəлі нашарлаған мезеттер – көрші-қолаң көмекке құстай ұшып жетеді. Өз туғандарындай жан ұшырады. Сондай бір ісімен туғанға айналған, адамдығы мен адалдығы – азамат асқақ деген атқа лайық жан, өзегінде адамдық махаббат лаулаған жігіт – Жанат болатын. Жанаттың жан əлемінің тұнықтығын, ғазиз жүрегінің жақсылық деп соғатынын алғаш танысқанда-ақ куə болған. Ол кез əлі күнге санасынан өшпейді. Бұл өлкеге алғаш келген күннің ертеңінде-ақ, бала болса да жатсынбай сəлемдесіп, жүрегінің көктем екендігінен хабар бергенін Эфтелия қалай ұмытсын.
Бүгін: Эфтелия əжей қалың ой кешіп отыр. Эфирден сөйлеп отырған жігітке қарап, «Ах, не деген бала?! Құдды, əкесінің жас шағы» деп күбірлеп қойды. Өз күбірінен өзі шошынғандай кенет ауыр үнсіздікке жұтылып бара жатты. Бұдан қырық жыл бұрынғы естелік. Жанаттың бозбала шағы. Айнымаған. Үнінен үркек үміттері қылаң беретін. Кəрістер, «үннің тазалығы – жүректің тазалығы» деп тегін айтпаса керек. Расында да, Жанаттың болмысының биязылығы мен салиқалылығын, тектілігін – Нұрсұлтан сəби жүрегімен қабылдағаны бір көрген жанды таң қалдыратыны жадына оралды. Кенет, ауыр бір оқиғаның басы шалынды.
Кеше: Қаңтардың қақаған суығы. Аяздың беті қайтар деген үміт те сөнген. Эфтелия əжейдің жылусыз үйде Настясын қабат-қабат қалың көрпемен қымтап, əлсін-əлсін бетін сыйпап, қатты-қатты құшақтап жылытуға талпынған шарасыз хəлі… Кенет есіктің қоңырауы қағылды.

Мейірхан Мейрамбекұлы

Жалғасы бар…

Пікір жазу