Басты бет » Жастар үні » Біз бақытты баламыз!

Біз бақытты баламыз!

Бүгін, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау мерекесі. Жаздың алғашқы күні, алғашқы сәтті дәл осы мерекемен басталады.

Ғаламның ең кішкентай тұрғындарының ризасыз сыңғырлаған күлкісі жанымызды жадыратып, бойымызға тыныштық сыйлайтыны анық. Тәп-тәтті бүлдіршіндердің төл мерекесін сезініп, шаттықпен тойлауын ата-аналар да қамтамасыз етеді. Әр елді мекенде бұл мерекені тойлап, балалардың көңілін аулауға тырысатыны айдан анық. Дәл осындай мерекелік көңіл күй Астана қаласының «Қазақ радиосы» көшесінде орын алуда.


Бұл мерекелік іс-шараны Қазақстан телерадио корпарациясы ұйымдасытырып, естен кетпес балалық шаққа саяхат жасады. Бүгінгі өткізілген мерекеде балалар өз өнерін көрсетіп, түрлі ойындар да ойнады. Мерекенің қонақтары әрине біздің кішкентай ғана балапандарымыз еді.  Концерт «Айналайын» балалар хорының «Дара бала» ән шашуымен басталып, Айша Сәрсенованың сыңғырлаған дауысымен жалғасын тапты. Және де еліміздің талантты балаларын өз өнерлерін көрсетіп, қошеметке ие болды. Сонымен қатар «Балапан» арнасының анитаморлары да кешке қатысып, балалармен естелік суреттерге түсті.
Бүгінгі ұйымдастырылған мерекелік концертке балаларымыз да, олардың ата-аналары да дән риза. Ата-аналар тарапынан тек алғыс айтылып, балаларының осындай бақытты сәттеріне куә болғанына ризашылығын білдіруде.

Аружан ШАРДАРБЕК, 
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті