Басты бет » Руханият » Жүрегімнің сөзі

Жүрегімнің сөзі

%d0%bc%d0%b5%d0%b9%d1%96%d1%80

Əңгіме Білəл Нұрсұлтан Жанатұлына арналады

Бұрын: Əн мен үн. Екеуі де жүрек төріндегі құндылықтар. Екеуі де бір жүректің үміт шырағына айнала алады. Сол ойды бүкіл жұртқа əйгілеген – Анастасия. Ата-анасы көкөрім шағында қайтып кеткен. Жалғанда тек жалғыз жанашыры – Эфтелия əжей ғана. Грек жерінен өткен ғасырдың соңында Жезді өлкеге табан тіреген.
Содан бері сол өлкеде өмір кешуде. Анастасия – Эфтелия əжейдің жалғыз қызы, Аннадан туған жиені. Туғаннан қос жанары көрмейді, тілі сөйлеуге келмейді. Анна қызының жан дертіне қайғырам деп бауыр дертіне шалдығып, өмірден өтті.
Анасына: «Мына сорлы қызым сізге аманат, шешей!!! Мен жоқ болғанмен, сіз барсыз. Енді осы қызымды аяқтан тұрғызуыңызды өтінемін. Əкесі Сергей келмейді. Ол қызы туғанда-ақ бас тартқан. Мен сізге өтірік айттым. Ол тірі. Настям екеумізді бір күнде Мəскеудегі үйден қуып шыққан.
Грек халқының бір аңызы көңілге құйылып, тіл ұшында тұрғаны-ай.
Сіз айтушы едіңіз ғой. «Құмарлық» деген аңызды. Сол құмарлық менің де тағдырымның тас талқанын шығарды. Шеше, көзсіз сүйдім. Сергей мені мəңгі сүйетін болар дедім. Олай болмады. Екі ортада қоңыр қозым сорлады.
Сіз мені кешірмесеңіз де қызымды аяқтан тұрғызыңызшы!!! Келін тойын жасап ұзатып, құтты ұясына қонғанша, аты өшкір дертінен айыққанша, жанынан табыларсыз, асылым!!!»
Сол кезде Эфтелия əжей өзіне өмір тағы бір жүк артқанын түсініп, Аннаны құшақтап жылай берді. Анна сол қалпы дертінен оңалмады. Анастасияның бар күтіміне Эфтелия əжесі жауапкер болды.
Сол сəттен тағдыры тәлкекке түскен қанаты сынық балапанның бар қиындығы қарт əжейдің мойнына түсті. Тағдыр дауылдарының алдында екі қауһарсыз жан тұрды.

****

Бүгін:
«Настия, ояншы! Күнім біздің Жезқазғандағы көрші бала теледидардан сөйлеп жатыр. Жанаттың кіші ұлы ше?! Тыңдашы, тыңда қыз», – деген əже дауысы Анастасияны бүгін таңғы ұйқысын бөліп жіберді.
Настя əжесінің бұл қылығын түсіне алмады. Əжем кім жайлы айтып жатыр, ол жақтан көшкелі он жылдан астам уақыт өтті. Əжесінің бұл қуанышының себебін түсіне алмаған қалпы сөйлеп тұрған теледидарға құлақ тосты.
Кенет «Əже, мына жігіт пе?! Бұл кім? Маған не қатысы бар? Түк түсінбедім?» деп əжесіне сұраулы жүзбен қараған. Əжесі жауап берудің орнына естімеген кейіп танытты.
Анастасия əжеден жауап болмаған соң үнсіз теледидардағы дауыстың иесі кім екенін іздеуге кірісті.
Кім? Зағиптар жиі қоятын сауал. Анастасияда іштегі сезімді айта алатын тілде жоқ. Қытайлар айтады екен. «Құм дауыс шығармаса, құмнан қадір кеткені. Теңіз, шіркін, туламаса, шағала мұң шертеді. Адам сөйлей алмаса, жан-жүректің мəңгі дерт емгені » деп.

Жалғасы бар…

Мейірхан Мейрамбекұлы

 

Пікір жазу