Басты бет » Жаңалықтар » Junior Eurovision байқауында Қазақстанның намысын Давид Чарлин қорғайды

Junior Eurovision байқауында Қазақстанның намысын Давид Чарлин қорғайды

Байқаудың Гранд-финалы 11 желтоқсанда Ереван қаласында өтеді. Жас өнерпаз ән додасында «Жер-Ана» композициясын орындайды.

Давид Чарлинге дауыс беру үшін https://junioreurovision.tv/ немесе https://jesc.tv/ сілтемелері арқылы сайтқа кіріп, тізімнен Давид Чарлинді таңдап, «Дауыс беру» батырмасын басу керек.

Дауыс берудің бірінші кезеңі Астана уақыты бойынша 10 желтоқсан күні сағат 01:00-ден басталып, 11 желтоқсан күні сағат 20:59-да аяқталады. Екінші кезеңде дауыс беру Астана уақытымен 11 желтоқсан күні барлық қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін 15 минутқа ғана қайта жалғасады.