Басты бет » Руханият » 2016 жылдың сәнді қол сағаттары

2016 жылдың сәнді қол сағаттары

Жаһанданған мына заманда қолыңызда сағатыңыз болмаса да, уақытты білу түк те қиын емес. Себебі сенімді серігіңіз – гаджетіңізден әп-сәтте қарап аласыз. Десе де, бұл қол сағат бүгінгі таңда сәннен шықты деген сөз емес. Тек заман ағымына сай түрліше дизайнмен қалыптасып, дамып келеді. Олай болса, биылғы жиылдың бренді саналатын қол сағаттар қандай болмақ?

Швейцарияның әйелдерге арналған сәнді қол сағаттары

2904-02

Өзгеше және өте сәнді тренд бұл – бұрыннан бері сәнді саналатын швейцариялық сағаттар.

2904-05

Келесі тізімде қарапайым үлгідегі және асыл тастардан жасалған, сондай-ақ қырында орналасқан қарапайым механизм, «доңғалақ» арқылы іске қосылатын қол сағаттар еш өзгеріссіз қалған. Бұл — көненің көзі, асылдың сынығы іспетті өткен дәуірден бері келе жатқан сән десек болады.

2904-07

2904-06

Ал мына үлгідегі қол сағаттардың басты ерекшеліктері — ақ алтын немесе осы түстес қымбат қоспалардан жасалып, қымбат тастармен безендірілуі.
Егер де сіз тағуға тұрарлық сағат іздесеңіз, онда көзге көрініп тұратын декорациялары жоқ үлгілерін таңдағаныңыз абзал.

Білезік үлгісіндегі қол сағаттар

2904-12

Сән өзінің адамды баурап алатын қасиетінің арқасында адамдарды «жылтыраққа» құмар етіп отыр. Бұл жылдың тренді классикалық үлгінің барлық түрлерін жақсы қабылдады. Алайда соның ішіндегі ең бір қызықты тенденция – «ретро» стиліндегі және спорттық дизайндегі сәндер.

2904-15 2904-14

2016 жылдың әйелдерге арналған брендтегі көркем қол сағаттары — өткен ғасырдың орта тұсындағы сәнқой қыз-келіншектердің нәзік қолдарына көрік берген жіңішке метал білезік. Олар бүгінгі күні қайтадан сәнге айналды. Шағын ғана үлгідегі, қос брилианттан жасалған әдемі бұл білезіктер тек қана әйелдерге арналғандай.

2904-17 2904-16

Ал мына суреттегі сағаттар бизнес-вумен (business women) мен парасатты қыздардың образына арналған. Дәл осы сипаттағы қол сағаттарды 2016 жылдың бренді ретінде әлемнің бірнеше сән үйлері сатылымға шығарған. Бұл – ерекше көңіл бөлуге тұрарлық тенденция.

Айгүл МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Дереккөздер:
http://modnica.info/?p=19905

Пікір жазу