Басты бет » Руханият » АШАМАЙҒА ОТЫРҒЫЗУ

АШАМАЙҒА ОТЫРҒЫЗУ

Қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі — «ашамайға мінгізу». Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып, алғаш рет атқа мінгізу рәсімін өткізген. Мұны «ашамайға мінгізу» не «ашамай тойы», енді бір аумақтарда «ат мінгізу тойы»деп те атаған.