Басты бет » Жаңалықтар » Елена Рыбакина – Ұлыбританияда өткен Уимблдон турнирінің жеңімпазы

Елена Рыбакина – Ұлыбританияда өткен Уимблдон турнирінің жеңімпазы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирі финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жаберді жеңді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті.
Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

Қазақстан теннисінің тарихында тұңғыш рет еліміздің намысын қорғайтын теннисші «Grand Slam» жарысында жеңіске жетті.

Финалдық сында Елена тунистік теннисші Онс Жаберді тартысты өткен кездесуде үш сеттің қорытындысымен 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Жарайсың Лена!

@qazaqstantv