Бір кісі сақалын алдыру үшін шаштаразға барады. Орындыққа жайғасып, сақалын алдырып отырып әңгімелесе кетеді. Әртүрлі тақырыпта сөз қозғалып, сөзден сөз шығып, бір мезетте Алла, дін туралы әңгіме ашылады. Сонда Шаштараз айтады:
— Мен сен айтқандай Аллаға сенбеймін. Егер Алла бар болғанда, мұншалықты дерт-қиыншылықтарға душар, өмірі машақатқа толы адамдар болмас еді. Тастанды сәбилер, жесірлер болмас еді. Алла бар болғанда ешкімге қиыншылық тарқызбас еді…
Келген кісі қажетсіз пікір таласқа кіргісі келмегендіктен, үндемей қоя салады. Сақалын алдырып болған соң орнынан тұрып, терезеден сыртқа қарайды. Дәл сол мезетте сыртта шашы сақалы өсіп кеткен адамды көреді. Шаштаразға қарап:
— Білесің бе, меніңше шаштараз деген нәрсе жоқ,- дейді.
— О не дегеніңіз? Жан-жақтың бәрінде шаштараз қаптап тұр.
— Жоқ. Өйткені шаштараз бар болғанда жолда жүрген шашы өсіп кеткен адамдар болмас еді.
— Алдыңызда тұрмын емес пе шаштараз болып, олар маған келмесе, менің не жазығым бар?
— Өте дұрыс айттың! Сөздің түйіні де осы жерде. Алла бар, ал адамдар оған бет бұрмаған болса, бұл Оған бұрылмағандардың таңдауы. Дүниеде мұншалықты дерт қиыншылықтардың болуының себебі де осы… Сондай-ақ өзің айтқан дертсіз, қиыншылықсыз, ұрыс-керіссіз, машақатсыз өмір жаннатта болады. Ал бұл дүние – сынақ жері.
Мұнайдар Балмолданың
Фейсбук парақшасынан