Тарих пен сәнді үйлестірген ерекше тренд үлгісі жайлы тоқталатын болсақ. Қазіргі жастар үшін трендке айналған Qazaq republic. Ия ағылшын тілімен қазақ тарихының толқынынан туындаған киім үлгілері. Qazaq republic дүкенінен спорттық үлгідегі киім үлгілерін кездестіресіз, мысалы кең жейде, футболка,бомбер, шалбар, бас киім яғни панама және сөмке. Бұл киім үлгілерін әр үшінші жасөспірімнен көруге болады. Бұл трендтегі киім үлгісіндегі ерекшелік тарихымызды жаңғыртқанында. Сіз киім үлгілерінен ағылшын тілінде жазылған жылды көресіз, ол 1465 жыл. Өзіңіз білетіндей, 1465 жылы Керей мен Жәнібек хандар Алаш болып қазақ елін қалыптастырды. Тіпті, дүкен атауы ұлтымыз қазірдің өзінде көптен аңсап жүрген Қазақ мемлекеті болып атанған. Мысалы, кең жейделерде born qazaq жазуын аударатын болсақ туған қазақ яғни мен қазақпын деген мағынаға үндеседі. Түрлі цитаталар үзінділерімен қазақ тілінің ағылшын тілімен үндесуі арқылы жасөспірімдер қызығушылығын тарихымызға аударып жатыр.
Иә, расымен де, қарапайым бренді жас ұрпақ алдында үлкен жаңалық ашып, жастарға образ бен қатар білімге қызығушылығын ашуда. Кішкентай баладан бастап үлкен кісіге дейін дүкен сөрелеріндегң жаңа шыққан топтамасын асыға күтіп, қуана-қуана киіп жүр.
Мінекей, жастарымызға жаңа бір леп,ерекше тренд түрін көріп тұрмыз. Осындай идеяларға толы образдар арқылы жас ұрпақтың қызығушылығын ашып жаңа бір ұлттық серпін мен тарих толқынын трендке айналдырамыз.
Шырын Халелова,
ЕҰУ Журналистика факультетінің
2-курс студенті