Басты бет » Руханият » Қыз бен жігіттің арасындағы достық бар ма?

Қыз бен жігіттің арасындағы достық бар ма?

Өмірдің мәнімен сәнін келтіріп ортаға дәнекер себепші -махаббат. Дүние есігін ашқан сәбиден бастап бұл өмірден жылу сүйіспеншілік іздейді. Махаббаттың құдіреттілігі соншалық адамдар сүйген адамы үшін үлкен ерлікке барған, түрлі дастандар, поэзия,романдар қағазға басылған. Сондай ұлы сезім жолында біз достық пен махаббатты айыра алмайтын сәттер бар. Қыз бен жігіт арасында махаббат па әлде достықпа? Жиі талқыдағы шешімін әркім әрқалай ұғындырады. Себебі достықтан махаббатқа ұласқан тәтті сезімдер қаншама.
Есіңізде болсын егер жігіт сізбен дос болып жүріп-ақ іс-әрекеті арқылы біраз дүниені сізге білдіреді.
Біріншіден ол сыйлық, сізге барынша ең жақсысын,ең қымбатын беруге тырысады. Ол арқылы сізден жылулық күтеді. Егер ол сізді досы ретінде ғана бағалаған жағдайда жәй қарапайым сыйлық беріп,өзінің сүйгеніне барынша уақытын арнайтын еді.
Екіншіден қыздар нәзік жандылар жиі ер адамның қолдау көмегін күтеміз. Егер сіз көмек сұраған сәтте сізге келіп қол ұшын созса бұл ештеңені білдірмейді.Бірақ қысқа уақыттың ішінде әрқашан келіп өз көмегін көрсеткен ер азамат жай адамдарға жиі уақыт бөлуі мүмкін емес. Себебі олар үшін уақытты маңызды.
Үшіншіден егер сіз дүкенге барғанда ұнаған затыңыздың барлығына келісіп алып берсе демек ол сізге ұнау үшін барлығына келіседі. Сіздің көңіліңізді аулауға тырысып, сіздің ығыңызға жығылады. Жақсы дос ғана ақ пен қараны ажыратып сізге барлығының ашығын айтады. Тіпті алып қарайтын болсақ, сіз онымен жиі уақыт өткізген сайын бауыр басып қалуларыңыз ғажап емес. Одан бөлек ойы бар жігіттер туралы оған айта бастағанда, ол ашық саған олардың әрекеттерінен талдап қарап көруіңді немесе оның досыныңда саған деген ойы барын білдіріп айтса,демек сен ол үшін жақын құрбысы және қарындасы сияқтысың. Себебі ер адамдар қызғаншақ болыр келеді. Сол сәтте олар қызғанышын жасыру үшін өзге жігіттердің ойынның сізге деген нашар екенін, олардың сізге лайықты емес екенін оның өмірінде сіздің ғана барыңызды білдіргісі келеді.
Сізге жиі жігіт көңіл бөліп, әдемі сөздер айтып, көңіліңізді көтеріп отырады.
Қортындылайтын болсақ, жігітпен қыздың арасында достық бар, бәлкім жоқ. Тек достық пен махаббатты ажырата білу маңызды. Есіңізде болсын ойы бар жігіт,әрқашан сізді алғашқы орынға қойып орныңызды жоғарлатып отырады. Ал досыңыз сізге қолдау көрсетіп,сіздің әрқашан жаныңыздан табылады. Сондықтан ой жетегіндегі фантазиямен достық пен махаббатты ажырата алмай қалмаңыздар ханымдар.

Шырын Нұржанқызы