Қысқы ойындар жарыстар спорттың 7 түрі бойынша өтті. Жалпы есебі 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Елімізден Олимпиада ойындарына 34 спортшыны қатысты. Құрама капитаны ретінде шорт-трекші Абзал Әжіғалиев таңдалып, спортшы ашылу салтанатында ту ұстап шықты. Команда сапындағы ең жоғары нәтижені Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол шорт-тректен 500 метрге жарысуда төртінші орын алды.
XXIV Қысқы Олимпиада ойындарынан «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары 122 спорттық тікелей трансляция көрсетіп, көрермен назарына ақпараттық-сараптамалық Beijing 2022 бағдарламасын ұсынды. Арнамыздың түсірілім тобы Бейжіңнен тікелей ақпарат таратты.