Оңтүстік Кореяда косметика бизнесінің негізін қалаған Галина Әлімова өзінің студенттік шағы мен бүгінгі таңдағы кәсіпкерлік қызметі туралы ой бөліседі.
– Студенттік шаққа «билет бар». Бірге саяхаттап, студенттік кезеңге барып қайталық? Қайда оқыдыңыз, қандай мамандық иесі атандыңыз?
– 1996 жылы Satbayev University, яғни Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Бағдарламашы» («Программист») мамандығын алып шықтым. Және Polytechnic College, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде «Өнеркәсіп менеджменті және маркетинг» (Менеджмент и маркетинг в промышленности) мамандығын оқып бітірдім. Кейін Оңтүстік Корея еліне Корей тіл мамандығын алуға оқуға аттандым. Сеул қаласындағы Hankuk University of Foreign Studies (Университет иностранных языков) Хангук аударушы мамандығында оқыдым. Көптеген елдерге экспорт (еxport) жасадым. ТМД елдеріне көптеген түрлі техника, косметика, аппараттар жібердім. 2010 жылдан бастап Кореядағы «Small & medium business corporation (sbc) of korea» компаниясында іс атқардым. 3000-нан астам компаниялардың заттарын жарнама жасап, online catalog жасап, customer жіберіп тұрушы едім. Қазіргі уақытта да «GobizKorea.ru» сайты арқылы экспорт жасап жатырмын.
2017 жылдан бастап арманда жүрген косметика зауытын ашып, қазіргі уақытқа дейін көптеген елдерге косметика экспортын жасап жатырмыз.
– Жалпы «студент» сөзі латын тілінен аударғанда «ынтамен оқушы, ізденуші» деген мағынаны білдіреді екен. Сіз қандай студент болдыңыз? Ұстаздарыңыз кімдер?
– Ынтамен оқып шықтым. Мені кішкентай айдаһар деп атаушы еді. Өйткені әр семестр сайын жақсы балға тапсырсаң, оқудың төлем бағасы 5%-ға арзандайды. Сол үшін жақсы оқуға тырыстым. Жан-жақты болдым, би билеп, ән айтатынмын. Лидер болуды жақсы көрдім. Күз айында Dance festival қатысып, ойда жоқта бірінші орын алған едім. Үш би билеу керек болатын. Соңғы биді «Қамажай» мен «Arirang» билерін билеп шықтым. Сөйтіп, ойламаған жерден бірінші орын қол жеткіздім. Бірінші орынға бір семестр тегін оқу сыйлығын алдым.
Ёнг Ха, Ким Ын Джу атты жас ұстаздарым болды. Тілді жақсы білмесем де ақкөңіл ұстаздарым асықпай, мен түсініп алғанша айтып беретін. Қазір Австрияда тұрып жатыр. Жиі хабарласып тұрамыз. Елдегі ұстаздарымды елге барғанда көріп қалған кезде өте ыстық сағынышпен, ыстық ниетпен қош алып жатқанда қуанышымда шек болмайды.
– Ағылшын тілін қашан үйрендіңіз? Корей тілін меңгеру қаншалықты қиын тиді?
– Ағылшынды Алматыда, студент кезімде үйрендім. Мұнда келгенде ағылшынша жақсы біліп келдім. Жалпы, тіл үйрену әр адамның өзіне, сосын ниетіне байланысты. Ынта мен жігер болса, кез келген тілді меңгеріп кетуге болады. Тіл білгеннің пайдасы көп. Болашақта жапон, қытай тілдерін меңгергім келеді.
– Студенттік өмір ең қызыққа толы тәтті шақ. Студент кезіңіздегі қызықты оқиғаларыңызбен бөліссеңіз.
– Hankuk University of Foreign Studie де өте қызықты күндер көп болып еді. Ресей, Жапония, Канада, Қытай, Америка, Сауд Арабиясы, Түркия елдерінен келген студенттер болды. Сол жылдары ай сайын бір студент өз елінің тағамдарын дайындаушы еді. Сол тағамдарын жеген кезде жей алмаған күндер де болып еді. Бірақ сол күндер өте қызықты жылдар болатын. Әндерін айтатын. Бірінші рет басқа ұлт халықтарымен сөйлесу – ол маған қызықты болушы еді. Ана тілімде емес, басқа ұлт тілінде сөйлесу қиын әрі қызық болды.
Группаластарым менің туған күнімді біледі деп ойламап едім. Дәл туған күнім күні Японка досым үйіне шақырды. Ойымда ештеңе жоқ, барып едім surprise жасады. Шарларды әрқалай әшекейлеп, ән айтып, торт, дәмді тамақ жасап, сыйлықтарын бергенде жылап жібердім. Әлі есімде сол күн. Бірнеше рет сондай ыстык ұмтылмастай туған күн болып еді. Корей ұлтының тағамдарын үйреніп, ән, билерин үйренуге жиі баратын едік. Өз сырларын жасырмай, ақыл айтып, көмек беріп әрқашан қолдап жүрген достарыма не жетсін?! Жылдар өтіп жатса да хабар беріп тұрамыз. Екі елде білім алып шықтым. Корей елінде білім алу өте қиын. Емтихан қиын. Корей халықтары көп айтып түсіндіріп жатпайды. «Өзің іздеп тап, өзің үшін оқисың» деуші еді. Басында өте көп жылап едім, сол жылдары елден жалғыз едім. Аударма кітаптары жоқ. Ағылшын тілінен аударма жасап оқып үйрендім. Екі елде білім алу әртүрлі. Бұл жақта өзі қалаған мамандығын оқиды. Көбі тарих, география жағын онша білмейді. Басында Қазақстан елінен келдім деп айтсам, Африка елі ме деп айтатын. Дүние жүзі картасын алып сұраған кезде көрсетіп, түсіндіріп айтатын едім.
– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
– Бос уақытымда білім алғанды, оқығанды өте жақсы көрем. 2021 жылы көптеген білім алып шықтым. Өйткені, әлемде қалыптасқан жағдай, вирусқа байланысты ісім ондай жақсы жүрмеди бос уақытым болған кезде білім алуды жоспарлап, «Specialty Coffee Association» (Ассоциация Спешелти Кофе), SCA Green Coffee Foundation (Lv. 1), SCA Barista Skills Proffessional, SCA Barista Skills Foundation (Lv. 1), SCA Barista Skills Intermediate (Lv. 2), SCA Roasting Foundation (Lv. 1), SCA Roasting Intermediate (Lv. 2), SCA Sensory Skills Foundation (Lv. 1), SCA Sensory Skills Intermediate (Lv. 2), SCA Brewing Foundation (Lv. 1), SCA Brewing Intermediate (Lv. 2), SCENTONE Flavorist coffee (Lv.1/Lv.2), SCENTONE LATTE ART, MIXOLOGISTE, Macaron Master, Bakery and Desserts, Chocolatier оқыдым.
Ұзақ жыл бойы оқып жүрген Мультикультурный подход в психологическом консультировании, Мультикультурный психолог екі мамандығымды аяқтап шықтым. Legal Interpreter (Kazakh) тілінде сот аударушысы білімін алдым.
– Галина ханым, Сіз бүгінде Оңтүстік Кореяда косметика бизнесін қолға алып, жемісті еңбек етіп келесіз. Мысалы, алтын қоспасы бар «Айналайын» бренді туралы айтсаңыз, ерекшелігі мен артықшылығы неде?
— Иә, Аinalayin 24K Premium Gold-тің ерекшелігі недедейтін болсақ, оны ұзақ уақыт қолдансаңыз, бетіңізге ботокс жасатудың қажеті жоқ. Бұл екі өнім беттің тығыздығын нығайтып, ылғалдануынан, әжімдерден, терінің зақымдануынан сақтайды, өлі клеткаларды, беттегі эпителия, эндотелия және фибробласт клеткаларын жақсартады және хемотаксис клеткасы мен ұлпаларды қалпына келтіреді. Ондағы өте ұсақ белок барлық бет клеткаларына сіңіп, нәтижесінде бет-әлпет ажарлана түседі. Әсіресе, тамаша құрамымен ерекше осы бір өнімімізді Корей, Жапон, Қытай, Франция ханымдары көптеп алады.
– Бұл салаға қалай келдіңіз, бизнесіңіз қалай басталды?
– Жастайымнан косметика саласына құмар болып өстім. Қатты қызықтым. Көп ізденісте болдым. SBC Small & medium Business Corporation корпорациясында жұмыс істеп жүргенде көптеген косметика компанияларын басқардым. Ал, арасында уақыттым болған кезде қосымша курстарға барып, үйреніп жүрдім. Косметика бизнесіндегі әрбір компанияның өз бағыты бар. Осылай ізденіп жүргенде Skinad компаниясының президенті мен үшін көп нәрсеге жол ашты. Менің жұмысымды жоғары бағалаған басшымыз Кытайдағы компанияны басқаруға ауысты, ал маған осы елдегі компанияны басқар деп, мекемені менің атыма аударды. Әрине, басында көп техника, қажетті аппараттар болмады. Осылай өз ісімді қолға алдым, өз брендімнің негізін қалауға мүмкіндік туды.
– Кәсіпті кеңейту үшін технологияны жаңартуды қолға алған екенсіз. Бұл не үшін қажет? Тиімділігі неде? Олар қай мемлекеттің өнімдері?
– Әрбір іске сай болу үшін көптеген технологиялар мен аппараттар керек екен. Косметика түрлерін, ұнтақтарды, маскаларды, кремдерге арналған пластиктерді, шыны флакондарын шығару оларсыз мүмкін емес. Өнімдердің сыртын орау, флаконды қаптау, таңбалау, сауда белгісін жабыстыру, бәрі автоматтандырылған аппараттармен жасалады. Зертхана құралдары тағы бар. Әлі де көптеген технологиялар қажет. Оларды ретімен, асықпай алып жатырмыз. Бізге қажетті барлық техника құралдырын Кытай елінен алып жүрміз. Өзіміз арнайы барып, бәрін тексеріп, ісімізге сай келетін аппараттарды тапсырыспен аламыз. Өндірістің әрбір сатысына әртүрлі аппараттар қажет. Әр техниканы алу үшін көптеген қаражат керек. «Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер» –деген бар. Осылай бір елмен, екінші елдің арасында істеп жатқан жайымыз бар. Қазіргі күні Кытай елінде де шағын зауытымыз жұмыс істеуде. Корей еліндегі компаниялардан да көптеген ұсыныстар алудамыз. Бір күндік маска құралдарын, косметика, флакон қорабтарын жасау бойынша тапсырыстар түсіп жатыр.
– Косметика түрлерін Қазақстан нарығына шығару ойыңызда бар ма? Еліміздің кәсіпкерлерімен байланыс бар ма? «Айналайын» бренді Қазақстанға қашан келеді?
– Қазақстан, Отаным, елім әрдайым менің жүрегімде. Бұйырса, еліме барып, онда зауыт ашу туралы ойым бар. Осындағы бірнеше косметика компанияларын алып барсам деп жоспарлаудамын. Оларға Қазақстанды кеңінен таныстырғым келеді. Қазірде осы мақсатыма жетуге қол ұшын беріп, қолдап жүрген жандар бар. Олар елге келген сайын, көрген сайын әрдайым жанымнан табылады. Мен оларға өте ризамын. «Айналайын» бренді елде сатылып жатыр, бірақ оның көлемі көп емес. Менің өнімдерімді алып, қолданып жүрген жерлестеріме шын жүректен рахметімді айтқым келеді.
– Өз ісін бастап, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастарға не айтасыз? Қандай кеңес берер едіңіз?
– Асқақ арман, биік мақсат бәріне жол ашады. Жақсы ой тек жақсылыққа жеткізеді. Адам баласының болмысы мен бітімі әртүрлі болып келеді. Сол адамдардың ішінде жолыңды ашатын және керісінше жабатын жандар болады. Ең бастысы сондай адамдарды бір-бірінен ажырата білу керек. Біріншіден, өзіңе сену қажет және сеніп қана қомай, бастаған істі соңына дейін жеткізген маңызды. Армандау керек. Арман мен жүрек алдамайды!
Сұхбаттасқан Самал Жәмет