Басты бет » Сен білесің бе? » АҚШ-тың 1 долларының құпиясы неде?

АҚШ-тың 1 долларының құпиясы неде?

Көп жағдайда біз ақшаны қалай табуға болатыны жайлы немесе оны қалай тиімді жұмсау керектігі туралы ойлаймыз. Алайда ондағы белгілерге, сыртқы дизайнға, суреттерге назар аудара бермейміз. Ал бұл дұрыс емес. Әрбір ақша бірлігінің өз құпиясы бар. Солардың ішіндегі жасырын ақпараттары өте кәсіби түрде ойластырылғаны — АҚШ доллары. Неге дейсіз бе? Мысалға, АҚШ-тың 1 долларын алайық.

Screen-Shot-2015-02-26-at-8.10.12-PM

Былай қарасаң, қоғам қайраткерінен артық ешқандай суретті, көзге ұрып тұрар белгіні байқамайсың. Кәдімгі АҚШ деген жазу, 1-дің жанындағы ағаш жапырақтары, сандар болды. Алайда үңіліп қарасақ, бүкіл құпия тайға таңба басқандай көріне бастайды.

Егер зер салып қарасаңыз, оң жақ жоғары бұрыштағы 1 санының жоғарғы ұшынан өрмекшіні көруге болады. Байқамадыңыз ба? Олай болса үлкейтіп көрелік.

Dollar-spider

Бұны біреулері «өрмекші» десе, енді бірі «жапалақ» дейді. Сәйкесінше, санды қоршаған сызықтардың «өрмекшінің торы» екендігін аңғаруға болады.

Сонымен қатар АҚШ-тың 1 долларында Шива құдайының да бейнесі жасырынған деген жорамал бар. Сансыз сызықтарды екі ақшаның екі жағынан да алып қарасаңыз, индуизм құдайы Шиваның мүсінін анық көре аласыз. Аталмыш ілім бойынша, Шива үнемі Жоғарғы құдай ретінде, ал кейбір жағдайларда, керісінше бәрін қырып-жоюшы құдай ретінде де көрініс тапқан.

dollar-scan-great-shivadollar-bill-shiva-three

Бұдан бөлек, ақша бірлігінде Мальта кресті де жасырынған. Бұл — Мальта рыцарының, яғни Госпитальер немесе Иоанниттер рыцарінің  белгісі. Ал «Госпитальерлер» дегеніміз — 1080 жылы Иерусалимде амальфийлік госпиталь ретінде құрылған христиандық ұйым. Олардың негізгі мақсаттары — жарымжан, үй-күйсіз жүрген тәуіп етуші жандарға көмектесу болған. Тарихи деректерге сәйкес, 1312 жылы Тамплиер-рыцарлары сатқын деп танылып қудаланған кезде, олардың бар байлығы Мальта рыцарына көшкен. Сондай-ақ, Ордер қамалы мен Мальта үйін Напалеон 1798 жылы басып алғанда, қаржы госпитальерлердің көпшілігі тәуелсіздігін енді алып жатқан Америкаға қарай қашқан деседі.

dollar-knights-of-malta

Мінеки, 1 ғана қағазда қаншама саясат жасырынған. Мұны ойлап тапқан адамның тегін адам болмағаны. Өмірде ештеңе де кездейсоқ жасалмайды. Әрбір заттың, белгінің өзіндік мән-мағынасы мен сыры болатынын естен шығармайық!

http://www.aquiziam.com/ сайтынан аударылған.

Назым Қайрат

Пікір жазу